Шеберлік сынып барысында ұстаз STEM білім беру концепциясының мәнін ашып, математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар мен жобалар үлгілерін ұсынды. Қатысушылар түрлі құралдар мен қолжетімді материалдарды қолдана отырып, нақты өмірмен байланысқан математикалық есептерді шешу арқылы оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын меңгерді.
Шара соңында педагог тыңдаушылармен кері байланыс орнатып, оларға әдістемелік ұсыныстар берді. Тыңдаушылар шеберлік сыныптың мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыда тиімді өткенін атап өтіп, өз тәжірибелерінде қолдануға болатын тың идеялар мен әдістермен толыққанын жеткізді.