Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми- шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми- шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі 5 наурыз күні өтті. Байқау 3 номинация бойынша өтті.
10 сынып оқушысы Мұратқызы Томирис “Өлең менің Шолпаным , Айым, Күнім” номинациясы бойынша қатысып, 3 орынды, “Жасынан оқу оқып ,өнер қуған …” номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Талқан Дильназ қатысып, 2 орынды, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған » номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Серикова Наргиз қатысып, 3 орын иеленді. Жетекшілері Молдашева Данагүл Бауыржанқызы, Толенова Гулзаш Каскырбековна. Құттықтаймыз!