«Қостанай обылысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Облыстық «DODA» дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасы аясында «АSU intellect» зияткерлік сайысының жеңімпазы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Пазитив»командасы жүлдели ІІ орын иеленді.
Мектебімізде 12 қазан күні Амангелди АПб ЖПҚб ӘЗЗҚт инспекторы полиция лейтенанты Ибитанова Әдемі Тыныбекқызыгың қатысуымен 4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зорлық-зомбылықсыз балалык шақ» тақырыбында сурет салудан жарыс өткізілген болатын. Оқушылар арасында белсене қатынасып 1 ші орынды иеленген Мұханбетқалиев Дінмұхамед. 2 орын Қажмұқан Олжас, 3 орын Сегізбаев Нурахмет иеленді.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу, ауданда спорт түрлерін насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында өткізілген Лига 9-11сынып ұлдар арасында волейбол жарысында мектебіміздің ұлдар командасы 1 орын жеңіп алды.
Ауданымызда спортшы,бапкер Есенкелді Еренғайыпұлының еске алуға арналған аймақтық волейбол жарысында мектептебіміздің ер мұғалімдер қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жол жүру ережесін білесінбе?» тақырыбында шағын орталық, мектеп алды даярлық және 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатына Амангелді АПб-нің ЖПҚб-нің ППт полиция аға лейтенанты Жанарбаев Ерғали Құлахметұлы келіп арнайы жол жүру ережелері мен қағидаларын түсіндірді.
21 қазан күні мектебімізде, 11 сыныптардың қатысуымен «Мамандықты таңдау » тақырыбы аясында отырыс болып өтті. «Амангелдi аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Молдахметов Еркебұлан Ахмедияұлы және «Амангелді Иманов атындағы мемориалдық мұражайдың ғылыми қызметкері Досбергенов Жалғас Торғайбекұлы қонақ болып қатысты. Отырыста оқушылар келген қызметкерлерге сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттар алды.
20 — шы қазан күні аудандық мәдениет үйінде балалар жылына байланысты «Балбөбек» сайысы өтті. Сайысқа 5-7 жас аралығындағы мектепке дейінгі ұйыммен балабақша балалары қатысты. Сайысқа 9 команда шыкты. Солардың ішінен мектебіміздің даярлық сынып оқушыларынан құрылған «Алтынсарин»командасы ІІ орынды иеленді.
25-ші қазан Республика күні мерекесіне орай Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының қатысумен А.Иманов атындағы мемориалдық музейінде «Қазақстан – менің елім!» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара мақсаты: Республика күнінің мерекесінің мән-мағанасын ашу және Республикамыздың іргесі қаланған жылдары жұмыс атқарған аға буынның естеліктерін, ақыл кеңесін тындау, өскелең ұрпаққа елжандылыққа, елін жерін сүюуге тәрбиелеу. Кездесуге Амангелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Жетпісбайұлы, ардагер-ұстаз Серік Жұмағұлов қатысып, Тәуелсіздік жылдарындағы қызмет жолдарын, ауданымыздың даму кезеңдерін баяндап берді. Келген қонақтарға музейдің әдіскері Д.Сейдағалиева «Жасай бер, жаңа Қазақстан» тақырыбында көрмені таныстырып, музей залдарына экскурсия жасады.Музей басшысы Сахан Оңжаңұлы іс-шараға қатысушыларға алғыс айтып, қорытындылады.
Ауданымызда «1мамыр Қазақстан Халқының бірлігі күні» мерекесі аталып өтілді. Мерекелік шара ауданның мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің әр ұлттардан құралған шеруімен бастау алды. Аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы мерекемен жиналған қауымды құттықтап, өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға ықпал жасап келе жатқан «Елбасы Медалі» жобасы аясында ауданымыздың белсенді, дарынды, білімді шәкірттерін марапаттады. Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Мақсұтова Інжу Қарабекқызына, 10-сынып оқушысы Нұрлыбекова Аруай Еркебұланқызы марапатталды.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру мақсатында мектебімізде 5, 8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Елін қорғау-ерге серт” тақырыбында мерекелік жиын өткізілді. Жиын барысында Отан қорғаушылар үшін патриоттық әндер шырқалып, игі тілектер айтылды.
Мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында 6 сыныптар арасында 2 қараша күні «Валейбол бізбен бірге» — тақырыбында сынып аралық жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде 6 «А» сыныбы І орын, 6 «Ә» сыныбы ІІ орынды иеленді.
2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеулік жобалар және шығармашылық жұмыстардың облыстық кезеңіне мектребіміздің оқушысы Қажмұхан Ілияс «Ақылды үй» жобасын қорғап, жүлделі І орын иеленіп, рекпубликалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Жетекшісі Атабаев Рустем Боранбаевич.
21қазан күні мектебімізде Республика күніне орай «Көк байрағым елдігім,еркіндігім» — атты салатанатты жиын болып өтті. Жиында ұстаздармен қоса спортқа, өнерге үлес қосып жүрген оқушыларда марапатталды.
“Ұстазым, ұлағатым үлгі-өнегем” тақырыбында мектебімізде ұстаздар мерекесіне орай 8 және 3 сыныптардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Концерт барысында оқушылар ұстазға деген жылы лебіздерін айтып, әндерін орындады. Сонымен қатар би және көңілді қойылымдар қойылды. Ұстаздарға керемет көңіл күй сыйлаған кеш 8 сынып оқушыларынан құрылған топтың ән шашуымен аяқталды.
18 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Республика күніне арналған «Жаңа Қазақстан-Жаңа қадам»- атты жоғарғы сынып оқушылары арасындағы командалық — танымдылық сайысқа «Рухты ару»командасы қатысып, жүлделі II орынды жеңіп алды.