Қарттар күніне орай, «Қарттарым — асыл қазынам» зейнеткер ұстаздарға мерекелік кездесу кешін ұйымдастырды. Мақсаты:оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5 — 7 сыныптар арасында «Алтын күз-2023» тақырыбында алтын күз мерекесі аталып өтілді.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8-10 сыныптар арасында «Алтын күз-2023» атты күз мерекесі болып өтті. Сыныптар өз өнерлерін ортаға салды. Соңында би кешімен аяқталды.
Қостанай облысы, Амангелді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі 28.09.2023 жылы мектебімізде ұстаздар күні мерекесіне орай мектебіміздің ұстаздары мен «Парасат » дебат клубы мүшелері арасында дебат ойыны өткізілді.
Мақсаты: ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайту, дебат ойынын кеңінен насихаттау. Сайысқа Тарих пәнінің мұғалімі Төреғалиева Жансұлу,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарабасова Қарлығаш қатысып ұшқыр ойларын,нақты аргументтерін келтіріп өтті.Ұстаздар командасымен сайысқа түскен Нұрлыбекова Аруай мен Тұрғанова Алтынай (Парасат дебат клубы мүшелері)жалынды қарсылық пен отты ойларын ортаға салды.Ойынға төрешілік жасағандар математика пәнінің мұғалімі Каримов Ерқанат және Мұханбетқалиев Нұрдаулет.Ойын барысында байқағанымыз дебат ойынына деген оқушылардың қызығушылығының артуы және сөздік қорлары мен тіл байлықтары молайғаны.
Амангелді ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 13қазан күні Амангелді жалпы білім беретін мектебінде «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгердің кәсіби құзыреттілігін дамытуы» тақырыбында аудан тәлімгерінің арасында семинар болып өтті. Семинарда мектебімізде аға тәлімгері Сейтқалиева Әлия Оңдағанқызы сертификатталды
24 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ерлікті ел — Қазақстан » атты салтанатты жиын болып өтті. Сонымен қатар мерекеге орайтәрбие сағаттары өткізілді.
Таукенов Қоңыртай 1929 жыл Үрпек ауылында дүниеге келген.
1949 жылы Оралдың А.С Пушкин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп оны 1953 жылы қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1947 жылы Жаңа ауыл жеті жылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдігінен бастаған. 1954 жылы Жаңа ауыл орта мектебінің директоры. 1960 жылы Мереке орта мектебінің директоры.1962 жылы В.И.Ленин атындағы мектеп интернат директоры,1973 жылы «Қазақстанның 40 жылдығы атындағы» совхоздың бастауыш партия ұйымының хатшысы.1975 жылы аудандық партия комитетінің парткабинет меңгерушісі . 1976 жылы Аманкелді аудандық білім бөлімінің бастығы . 1980 жылы аудандық парткабинет меңгерушісі. 1985 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директоры. 1988 жылы осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде болды. ҚР білім беру ісінің үздігі белгісінің иегері . бірнеше мәрте ерекше еңбегі үшін облыстық,республикалық органдардың алғыс хаттары және мақтау қағаздарымен марапатталған.Ұлттық сананы тәрбиелеудің 12 бағытын ғылыми негізде тұжырымдап әдістемелік кітап шығарды.Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған бала тәрбиесі туралы баяндамалары бір шоғыр. Аудандық оқу- ағарту ісінің өркендеуіне көп еңбек сіңірді.Жақсының аты , ғалымның хаты өлмейді демекші ел үшін еңбек еткен тұлғалар қай күнде де біздің мақтанышымыз.Қаншама шәкірт,елін сүйген елжанды азаматтар тәрбиелеген Қ.Таукенұлының бүгінгі ұрпақ үшін жақсылығы жетерлік.
2023 жылдың 13 қараша күні мектебімізде «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық республикалық науқаны аясында
1.Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару;
2.Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру;
3.Балаларды зорлық — зомбылықтың кез-келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру мақсатында 1-4 сыныптарға «Менің құқығым бар», 5-8 сыныптар «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», 9-11 сыныптарда «Мен және Қазақстан Конституциясы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 27 желтоқсан күні «Жаңа жыл республика төрінде!» атты жасыл шырша мерекесі тойланып өтті. Шыршаға аудан, ауыл мектептерінен 50-ге жуық оқу озаттары, көп балалы отбасылардың балаларымен дарынды оқушылар қатысты. Аудан әкімі Қарбозов Талғат Тойшыбекұлы жасыл шыршаға жиналған оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
1-ші ақпан 2024ші жылы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұлағатты ұстаз Белғожина Бұлбұлай Қондыбайқызының атынан орыс тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды.
Ашылу рәсіміне ауданымыздың әкімі Талғат Тойшыбекұлы, білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Дауылбай, мектебіміздің ардагер ұстаздары, аудан мектептерінің директорлары, Бұлбұлай Қондыбайқызының ұлы Данияр Орақұлы және туған-туыстары қатысты.
Кабинеттің ашылу салтанатының лентасын аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы мен ұстаздың баласы Данияр Орақұлы қиды.
Кабинет жаңа үлгіде әдістемелік көрнекілік құралдармен заманауи жобамен жабдықталған.Бұлбұлай Қондыбайқызының өмірбаяны , еңбек жолдары бейнебаян арқылы көрсетілді.
«Пән мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту жолдары» тәжірибеден практикаға семинары өтті. Семинар «Қызық Times» жағымды ахуалмен басталды. Мұғалімдерге мотивациялық сөздер таратылды. «Даму интеллектісі», «Талап идеялы», «Адамгершілік жаршысы» сөздері арқылы 3 топқа бөліп, «Құзіреттілік» сөзін «Алфавит» әдісі арқылы сипаттау тапсырмасы ұсынылды. Топтар белсенді жұмыс жасады. Қарлығаш Бекенқызы «Пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттілікті дамыту жолдары» тақырыбында презентациялық таныстырылым жұмысын көрсетті. Өмірді басқару мәселелері жөніндегі американдық кеңесші- Стивен Ковидің «Тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы» кітабында жазылған 7 дағдысының бөлінуі бойынша пән мұғалімінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту жолдарына сипаттама жасады. Топтар бойынша «Құзыретті тұлға моделі» тақырыбында жоба қорғалды. «Padlet.com» платформасы бойынша кері байланыс жасалды. «Цифрлық бірі беру ресурстары: тәжірибеден практикаға, үйрену — үйрету» тақырыбында Маржан Әлібекқызы, Жансұлу Базарғалиқызы «Google forms», « Educaplay», «Online Test Pad», «Mozaik3D», « D-ID» платформаларымен жұмыс жасау жолдарын көрсетті, мұғалімдер аталған платформалармен жұмыс жасап, тәжірибе жинақтады. Фариза Қалыбекқызы жаңа үлгідегі сергіту сәттерін өткізді. Семинар соңында «Mentimeter.com» платформасы арқылы рефлексия жасалды.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2 «А» және 3 «А» сыныбытарының ата аналарымен педагогикалық қолдау орталығы аясында «Тәрбие басы-талбесік» атты тренинг іс шарасы өтті. Мақсаты қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым қатынас орнату. Міндеті ата аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларды білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Іс-шараға қатысқан ата аналармен жұмыс табан іздері арқылы әр аттаған қадамдарына сұрақтар беріле отырып балаларыныңтәрбиесіне байланысты жауаптар алынды.Жиын ұлағатты әжелердің қазіргі таңдағы отбасындағы беріліп жатқан тәрбиесі саралана отырып,келіндерге деген құнды пікірлермен жалғасты. «Адам өз өмірінің суретшісі» тақырыбында ата аналарға жұмыстар беріліп, салған суреттеріне психологиялық талдау жасалды.Жиын түрлі ойындармен жалғасты.Жиын соңында мектеп басшысы Б.А.Ақжанов және мектеп психологы И.Б.Молдашева өз ойларын айтып ата аналарға қолдау көрсетті. Жиын соңы«Анаға сый» әнімен аяқталды.
Ы Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмір шуағы»атты салтанатты жиын болып өтті.
Б.Майлиннің 130 жылдығына арналған «Халық тудырған талант» байқауының облыстық кезеңінде 7 сынып оқушысы Біләл Каусар авторлық өлең атылымы бойынша «Халық тудырған. нар Бейімбет» өлеңін ұсынып, І орын иеленді. Пән мұғалімі А.Айжанова
Республикалық «Практер шеруі» табиғатты қорғау акциясына белсене ат салысып, туған жердің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосқан үшін Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебіне алғыстарын білдірді. мектебіміздің технология пәні мұғалімдеріне алғысдарын білдіріп жеңімпаз оқушыларымызды марапаттап бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024жылы ұлттық құрылтайда «Адал адам,адал еңбек,адал табыс» атты 3- ші тапсырмасына сәйкес біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Жаңартылу барысында Ж. Сабыржанұлы атындағы мектеппенен Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшілерімен мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақжанов Бақытбек Ақынғазыұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрінің”Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық практикалық институтының президенті Т.А.Иманғалиевтың атынан мектебіміздің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Б.Ақынғазыұлы марапатталды. “Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы Серікқызы Бұлбұлханымға берілді. Білім беру саласында қосқан үлесі үшін және шәкірт тәрбиелеудегі еңбегімен кәсіби шеберлігі үшін Атамбаев Нұрлыбек Тұяқбайұлы марапатталды. Оқу жылы ішінде білім беру саласына қосқан үлесі үшін Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі Төленова Гүлзаш Қасқырбекқызы Қ.Тәукенов атындағы ынталандыру жүлдесімен марапатталды.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7- сыныптар арасында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы шеңберінде «Отбасы — отанымыздың алтын діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.