Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

25 сәуір Амангелді ауданы, Амангелді ЖББМ базасында «Жаңа мектеп: жаңаша көзқарастар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында биология- химия пәндерінің облыстық семинары өтті.
Мақсаты:
— заманауи цифрлық ресурстық технологиялар арқылы оқыту тиімділігін арттыру;
-функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтағы жұмыстардың түрлерін жетілдіру;
-педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру арқылы іс-тәжірибелерімен бөлісу, тарату.
Семинар барысында блиц сабақтар мен масстер кластар өткізілді. Мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Нұрмұханбетова Гүлім Нағызханқызы келген мұғалімдермен «Инновациялық технологияларды сабақта қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізсе, Байғабылова Әйгерім Арыстанғалиқызы 8 сыныппен «Ағзалар селекциясы үшін сұрыптаудың маңызын түсіндіру» тақырыбында сабақ көрсетіп, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Рефлексия барысында біздің мұғалімдердің сабағын жоғары деңгейде өтілгенін атап өтті.