Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Семинарға облыстық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен бастауыш сынып пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар «Шабытпен шарықта!» тренингімен басталды.
«Жаңа технология: бастауыш сыныпта-сапалы білім» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен семинардың ашылуы болды. «Жаңашыл мұғалім, шығармашыл оқушы» бағытында көрме ұйымдастырылды.Семинар барысында ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары өтті. Мектебіміздің бастауыш сынып пәні мұғалімдері өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.