Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Шет тілі бірлестігінде құрамы 6 мұғалімнен тұрады.Олар: ағылшын және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Ахметова Бақытжамал Сұлтанқызы педагог-сарапшы, Жакупова Ақтоты Бекенқызы педагог-сарапшы. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Жүсіпова Құралай Берікқызы педагог-сарапшы, Абишева Индира Оразғалиқызы педагог-модератор, Өтеулина Перизат      Серікқызы педагог-модератор, Қаби Назым Сұңғатқызы педагог. Бірлестік мүшелерімен бірінші жарты жылдыққа дейін 3 отырыс жасалып, хаттамасы тапсырылды.        

Қарашаның жиырма жетісі жоспар бойынша өтілуі тиіс шет тілдер пән бірлестігінің онкүндігі өтті. Апталықтың тақырыбы: «Язык-мой друг мой», «Language is my friend». Салтанатты жиын мектебіміздің Акт залында өтілді. Жиынға 5-11 cыныптар оқушылары қатысты. Жиын екі тілде жүргізілді. Жүргізуші оқушылар орыс және ағылшын тілінде жиынды өткізді. Жиын барысында екі елдің елшілері болған оқушылар көрсетілген көрікті жерлермен таныстырып,олардың ерекшеліктерін өз тілінде айтып өтті. Сонымен қатар ағылшынша ән, орыс биі орындалды. 5-cынып оқушылары екі тілде тақпақтар айтты.Жиын соңында шет елдік би тамашаланып, ұстаздардан құралған топтан мұғалімдер «Шетелім» атты әнмен аяқтады. Жиынның барысында өткізілетін іс-шаралармен, ашық сабақтар  өту барысы туралы мәлімет берілді. Оған қоса Акт зал безендірілуі оқушылардың өз қолдарымен жасалған екі мемлекеттің туы мен көрікті жерлердің суреттері және тақырып жазылған баннер мен шарлармен безендірілген. Апталықтың бірінші күні үлкен үзілісте 5-11 cынып оқушыларымен дәлізде «Clever club» тақырып аясында сыныптан тыс жұмыс жүргізліп, оқушыларға қызықты тапсырмалар  орындалды. Ары қарай жоспар бойынша бастауыш сыныптарда үзілісте сергіту сәттері болды.

Апталық барысында мұғалімдер пән бойынша ашық сабақтар өткізді. Ахметова Б.С. «Друг познается в беде» тақырыбында 5 «ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді.Сабақ жоспары мақсатқа сай құрылған,оқушылар түгелдей дерлік ат салысып отырды.Жакупова А.Б. «Не позволяй душе лениться»  тақырыбында 8 «а» сыныбымен өтті. Сабақ мақсатқа сай,жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің теорияны меңгертуі өте жақсы, оқушылар белсенді. Абишева И.О. «Seven Natural wonders world» тақырыбында  4 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ мақсатқа сай құрылған, оқушылар белсенді. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес. Өтеулина П.С. «Weather» тақырыбымен  3 «а» сыныппен ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсатына сай,жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар онымен қоса ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға деңгейіне қарай тапсырмалар берілді. Оқушылар сабаққа өте жақсы,қызығушылықпен қатынасты. Қаби Н.С. «An Unforgetable experience» тақырыбында  7 «а» сыныбымен ашық сабақ өтті.Сабақ жақсы өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Апталықтың жабылуы 04 желтоқсан күні дәлізде өтті. Жиында оқушылармен қызықты тапсырмалар орындалып жеңімпаз оқушыларға тәтті берілді. Апталық аясында белсене қатысқан оқушылармен, ашық сабақ барысында үздік болған оқушыларды аттарын аттап, белсенді сыныптарға диплом ал оқушыларға медаль тағылып, тәттілер таратылды.

 

Бірлестік жетекшісі: Өтеулина Перизат Серікқызы