Мектебімізде «Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың физика, химия,биология,география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру . Жаратылыстану пәндерін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданып, білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу.
7 қазан мен 14 қазан күндері аралығында жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» атты апталығы өтті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатынасты. Мектеп мұғалімдері үшін де үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды. Белсене қатынасқан оқушылар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.