Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында өткен Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен 3 сынып оқушысы Мұратбек Мүрсәлім 3 орын иеленді. Пән мұғалімі Сандибекова Калимаш Сабитбековна.