2025 жылдың 13 тамыз күні Қостанай облысының білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінің «Білім келешегі: Адал азамат- кәсіби маман» тақырыбында секциялық кезеңі өтті. Мақсаты: Тұлға дамуының элементтері ретінде оқушылардың биология пәніне тұрақты қызығушылығын, сыни тұрғыдан ойлауын, экологиялық мәдениетін және кәсіби бағдарын дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау барысында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру. Осы мақсатта жаратылыстану бағыты бойынша биология пәнінен Нурмуханбетова Гүлім Нағызханқызы «Биология сабақтарында экологиялық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды кіріктіру» , Бастауыш сыныптар бойынша Досымова Камшат Балкенқызы «Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықтарды кіріктіре оқытудың жолдары», Математика бағыты бойынша математика пәнінің мұғалімі Каримов Ерқанат Қамысбайұлы «Авторлық бағдарлама негізінде креативті есептерді шешу әдістері және олардың STEM бағытында қолданудың тәжірибелік аспектілері» тақырыптарында мұғалімдер өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Қостанай облысының білім қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі
