Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Оқу -тәрбие үрдісіндегі психологиялық-педагогикалық қызметі.

Мақсаты:  білім  беру үрдісінде қатысушы ұжымның  және білім  алушылар мен   тәрбиеленушілердің   тұлғасының қалыптасуы үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  психологиялық саулығына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның  дамуындағы  әртүрлі қиыншылықтарды түзету барысында баланың психикалық  және психологиялық саулығын қорғау, ары қарай түзету-дамыту   жөнінде   қорытынды жасау үшін психологиялық себептер мен  мәселелерді және қиындықтарды анықтау,  психологиялық   жәй-күйін  тұрақтандыру, бейімді  өзін-өзі  айқындау  және  басқа  да  қолайлы   жағдайлары   бойынша  орта  білім  беру  ұйымының  алқалы   органы  болып   табылады.

Міндеті:

  1. Білім алушылардың  мектептегі оқуға деген психологиялық даярлығын  анықтау (ес, зейін, ерік, сөйлеу, қабылдау т.б)
  2. Бастауыш сынып білім алушыларының  мектептегі оқуға бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру
  3. Сыныптан сыныпқа көшу барысындағы  білім алушылардың  психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешуілдеумен ауытқушылықтарды анықтау.
  4. Білім алушылардың әрбір психикалық процестерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына  зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру.
  5. Білім алушылардың  тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшіліктеріне (күрделілік, олқылықтар, түсініспеушілік т.б.) байланысты  олардың жүйке –жүйесінің бұзылуының алдын алу.
  6. Педагогикалық  ұжымда  психологиялық ахуалды қалыптастыру, мұғалімдер мен оқушылардың  және ата-аналардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтасты орнату.

 

Оқушының психологиялық даму процесін, оқыту ортасының арнайы шарасы мен қалыптасуына жағдай жасау мақсатында жұмыс жоспары құрылып, психологиялық алдын алу жұмыстары жүргізілді.

2023-2024 оқу жылында ең алдымен ПМПК-ның қорытындысы бойынша оқушылардын тізімін жаңарту және ПМПК-ның қортындысы бар . Оқушылардың және дарынды оқушылар тізімін жинақтау жүргізілді.

2023-2024 оқу жылындағы  ерекше білімді  қажет ететін оқушылардың тізімінде  оқу  жылының  басында- 14 оқушы,  ал  І  тоқсан  аяғында  -11  оқушы  болды. Оның ішінде:

— мүгедек оқушылардың саны – 0

—  сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың тізімі – 8 бала

ПМПК қорытындыларына сәйкес ПМПК қорытындысы бар оқушымен жоспар құрылды.

Бірінші және  бесінші  сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен қабілетін  анықтау.

2023 – 2024 оқу жылында оқушыларының оқу процесін бейімделуін зерттеу барысында, көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәслелерге кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейтесті мәселе болып табылады.   1,5  сынып оқушыларының оқу процессіне бейімделуіне   жүргізілген жұмыстарына тоқтала кетсем:

1 сынып оқушыларының оқу процесіне бейімделуін анықтау мақсатында А.А. Лескованың «Менің сыныбым» атты проективті әдістемесін жүргізілді. Келесі нәтижелер алынды:

 

1 «а» 1 «ә» жалпы%
Жоғары- 9 оқушы (53 %) Жоғары -6 оқушы (55 %) 15-53%
Орташа- 6 оқушы (35 %) Орташа- 4 оқушы (36 %) 10-36%
Төмен -2 оқушы (12%) Төмен- 1 оқушы (9 %) 3-11%

1-сыныптарда  жалпы   28 баланың  ішінде,  бейімделуі жоғары  деңгейде — 15 оқушы, мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігін анықтау барысында — 10 оқушы, ойын позициясында – 3 оқушы анықталды.

 

Сонымен  қатар,  оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау мақсатында  1-сынып оқушыларымен  В.Г.Щурдың  «Баспалдақ» әдістемесі жүргізілді.

1-сыныбынан алынған «Баспалдақ» әдістемесінің нәтижелері

 

сыныптар Зерттеуге қатысқаны Мектепке дайындық деңгейі
Ортадан жоғары Орта Төмен
1 «а» 17 11 оқушы – 65 % 6 оқушы – 35 %
1 «ә» 11 8 оқушы – 73 % 3  оқушы – 27 %

 

 

Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі алынды, 1А сыныбы бойынша жоғары деңгейді –11 оқушы — 65%, орта деңгейді –  6 оқушы – 35% көрсетті, төмен 0 оқушы- 0%. 1 «Ә» сыныбы бойынша жоғары деңгейді –8 оқушы — 73%, орта деңгейді –  3 оқушы – 27% көрсетті, төмен 0 оқушы- 0%. Әдістеме нәтижесінде екі сыныптағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі ортадан жоғары деңгейді көрсетті.

Жүргізілген әдістемелері бойынша сынып жетекшілерге төмендегі ұсыныстар берілді:

  • Ойын позициясын таңдаған, өзің-өзі бағалауы төмен деңгейде анықталған оқушыларды ортаға тарту, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, өзіңе деген сенімділікті арттыру;
  • Мұғаліммен қарым – қатынастарын жақсарту барысында оқушыны сөйлеуге, ортаға бейімдеуге көмек беру.
  • Оқушының сынып жетекшісіне деген сенімділікті қалыптастыру үшін, баланы өзіне жақын тарту.
  • Оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін, мотивация беретін әртүрлі әдістемелерді пайдалану.

 

 

5 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатымен  Н.Лусканованың «Оқу мотивациясы» сауалнамасы жүргізілгені туралы ақпарат берілді. Қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:

 

5 «а» 5 «ә» Жалпы %
Жоғары- 9 оқушы (60 %) Жоғары -7 оқушы (64 %) 16-62%
Орташа- 5 оқушы (33 %) Орташа- 4 оқушы (36 %) 9-35%
Төмен — 1 оқушы (7 %) Төмен- 0 оқушы (0 %) 1-4%

5 -сыныптарда  жалпы   26  баланың  ішінде,  бейімделуі жоғары  деңгейде – 16(62%) оқушы, мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігін анықтау барысында – 9(35%) оқушы, ойын позициясында – 1(4%) оқушы анықталды.

 

Сонымен қатар,   топ оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу мақсатында Дж.Мореноның «Социометрия» әдістемесі алынды. Нәтижесі келесі кестеде көрсетілген:

Жүргізілген әдістемелердің нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  • Балаларды бір-бірімен жақындастыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • Сыныптың психологиялық ахуалына аса көңіл аудару;
  • Оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге арналған сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолдану (пән мұғалімдері);
  • Үлгірімі төмен, оқшауланған оқушылармен жеке жұмыстар жасау (сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, психологтар).

 

Қазіргі  таңда  қоғамның  ең  әлсіз  санаты  балалар  болғандықтан,  бүгінгі  таңда  бүкіл  әлемді  қоғам  дертіңе  айналдырып  отырған  суицид  және  зорлық –зомбылық   қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер  мен  сан  түрлі  қиындықтар  бала  психологиясына  әсер  етпей  қоймайтыны  анық.  Оның  алдын  алу  мақсатында  жыл  сайынғы  өтетін  «Қатегіздік пен зорлық  -зомбылықсыз  балалық  шақ» ақпараттық  науқанының   16 –күндігі  өткізілді.

  • «Мектеп және  буллинг (қақтығыстар)»  тақырыбында  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  семинар  өткізілді. Семинардың  мақсаты: мектеп  ортасындағы  оқушылар,  мұғалімдер   арасында  шиеленісті  жағдайлардың,  буллингтің  алдын  алу  және  одан  шығу  жолдарын  табу.  Сондай-ақ,  мектеп  әкімшілігі  мен  мұғалім,  мұғалім  мен  ата-ана,  мұғалім  мен оқушы арасындағы  буллингтің  түрлері,  шығу  себептері  және  оны  шешу  жолдарына  байланысты  мәліметтер  берілді.  Семинар  соңында  арнайы  брошюралар  таратылып,  тренинг  өткізілді.
  • «Кәмелетке толмағандар  арасында  азаматтық  құқықтық  сана  мен  құқықбұзушылықтың  алдын  алу»  облыстық  айлығы  аясында  мектебімізде  «Кибербуллинг  және  буллинг»  тақырыбында  мектеп  психологы  және  әлеуметтік  педагогтың  ұйымдастыруымен   5-11  сынып  оқушылары  арасында  профилактикалық  әңгіме  жүргізілді. Әңгіме  барысында  оқушылардың  құқықтық  сауаттылықтарын  арттыру,  жағдаяттық  сұрақтыр  және  арнайы  бейнеролик  көрсетілді.
  • 6-11 сынып  қыз  балаларына  арналған  жыныстық  сипаттағы  және  зорлық-зомбылықты  анықтау,  алдын  алу  бойынша  жасырын  сауалнама  алынды.  Мақсаты:  қыз  балалар  арасында  зорлық-зомбылық  мәселесін  түсінуіне,  өз-өзіне  баға  беруге  тәрбиелеу,  сенімді  мінез-құдықты  дамыту.
  • Жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылықты болдырмау, алдын алу жұмыстарын жүргізу. Тұрмыстық зорлық – зомбылықты болдырмау мақсатында ата – аналармен тығыз жұмыс атқару. Білім алушыларға толеранттылық туралы мағұлмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуге тәрбиелеуді мақсат ете отырып жұмыстар жүргіздік. Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік, зорлық – зомбылық, буллинг,кибербуллинг тақырыптарында үнемі жұмыстар жүргізіледі. Жиі    әртүрлі  әлеуметтік желілер бойынша туындайтын  кибербуллинг  жағдайларын  алдын  алу  бойынша  білім алушылармен түсіндіру шаралары жүргізілді.   5 – 11 сынып білім алушылары қатыгездік  қарым – қатынас  және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында   әр  тоқсан  сайын  сауалнама жүргізіліп тұрды.

 

Оқу жылы Тоқсан 5-11 сыныптарда оқитындар саны Сауалнамаға қатысқан білім алушылардың саны Анықталған білім алушылардың саны
2023-2024 I 213 213 0
II 211 211 0
III 211 211 0
IV 211 211 0

 

Нәтижесінде:

  • Оқушылар өмірге  деген  әрбір  сәтін  бағалау  керек  екендігін  түсінді  және  одан  шығу  жолдарын   білді.
  • Тоқсан сайын (қыркүйек, желтоқсан, наурыз және мамыр айларында) әлеуметтік  педагог  5-11  сынып  оқушыларынан  жасырын  түрде  сауалнама алып отырады.
  • Сауалнамалар бойынша анықталған оқушылармен ары қарай тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мониторингтік бақылау үш ай жалғастырылады. Диагностика нәтижелері бойынша  психолог маманы балалармен, сынып жетекшілерімен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу жүргізіп отырады. Одан әрі анықталған арт-терапиялық әдістерді қолдана отырып, тренингтер түрінде кешенді терапиялық түзету жұмыстары жүргізеді.
  • 5-11 сынып оқушыларының арасында зорлық – зомбылықтын алдын алу барысында жасырын сауалнама жүргізілді. Зорлық – зомбылыққа тап болған оқушылар анықталған жоқ. Барлық сынып жетекшілерге  психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Ұлттық   бірыңғай  тестілеуге  оқушыларды   дайындау   мақсатында   жүргізілген     жұмыстар

Мақсаты: оқушылар   арасында  бір –біріне  деген  сенімді   нығайту, қарым –қатынасын    бақылау, ұйымдастырушылық  қабілеттерін  жетілдіру, өзін –өзі  реттеуді, өздік  бақылауды, өздеріне   сенімділікті   арттыру. Оқушыларды   ҰБТ, ОЖСБ –ға  психологиялық  түрде  даярлау   мақсатында   4,9,11  ата –аналарына   кеңес  беру. Жасөспірімдердің  тестілеу  дайындығы  кезінде  ата  -аналардың  мінез-құлықтарына   қатысты  ата-аналарға  арналған  психологиялық  кеңестер  ұсынылды. Бүгінгі   таңда  білім    беру  жүйесінде  ҰБТ-ке  деген    жауапкершілік  арта  түсуде.  Осы  әдістемелік  құралды  негізге   ала  отырып, бітіруші   сыныптарға   жұмыстар   жүргізілді. «Мамандықтар  әлемі», «ҰБТ және  мен»,  «Мамандықты  дұрыс  таңдай  білейік», «Менің  болашақ  мамандығым»  тренингтер, кеңестер  берілді.   Сонымен  қатар  оқушылардың  жекелік  қасиетін  анықтау, үзіліс  уақытында  оқушылардың   айналасындағылармен   қарым –қатынастары  бақыланып  отырады. Оқушылармен  жекелей  сөйлесіп  кеңестер  берілді. Ең  бастысы  баланың  білім  алуына  қажетті  жағдай   жасау. Сынақ   тапсырудағы  жетістіктер  көп  жағдайда   ата-аналардың  қарым-қатынасы  мен  жауапкершілігіне   байланысты   болады.

Психолог   жұмысының  маңызды    аспектісі  9,11-сынып    оқушыларымен  кәсіптік   бағдар  беру   жұмысы  болып  табылады. Ол білім  беру  процесінің  барлық  қатысушыларының   кәсіби  өзін –өзі  анықтау  мәселелерінде  әлеуметтік  кепілдіктерді  қамтамасыз  етуге   бағытталған.

Кәсіптік   бағдар  беру  жұмысының  мақсаты: оқу  бейіні  және  болашақ  кәсіби  қызмет  саласын  таңдау  процесінде  білім  алушыларға  кәсіптік  бағдар  беру, оқушыларда  еңбек  нарығының  талаптарын  ескере  отырып,өз  мүмкіндіктеріне,қабілеттеріне   сәйкес  қызмет  саласын  таңдау  еркіндігі  жағдайында  кәсіби  өзін-өзі  анықтау  дамыту.

Жасөспірімдердің  өзіне –өзі  қол  жұмсау  оқиғаларының  алдын –алу  бағытында  жүргізілетін  психологиялық  жұмыстар.

1.Аутодеструктивті мінез – құлқы бар білім алушыларды анықтау.

2.Аутодеструктивті мінез – құлықты алдын алуға білім алушылармен жеке және топтық жұмыстар, психопрофилактикалық және психодиагностикалық жұмыстар жүргізу.

3.Аутодеструктивті мінез – құлықты алдын алуға ата  — аналармен және педагогикалық ұжыммен жеке және топтық жұмыстар, психопрофилактикалық және психодиагностикалық жұмыстар жүргізу.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары бойынша 2023-2024 оқу жылына жеке жұмыс жоспары құрылды. Бұл жоспардың негізгі мақсаты: оқушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу тәрбиелеу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Жұмыстар 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Әр тоқсан сайын ҚББ-нің жоспарына сәйкес 5-11 сынып аралығында анонимдік сауалнама жүргізіліп отырады.

 

Оқу жылы Тоқсан 5-11 сыныптарда оқитындар саны Сауалнамаға қатысқан білім алушылардың саны Анықталған білім алушылардың саны
2023-2024 I 213 213 0
II 211 211 0
III 211 211 0
IV 211 211 0

 

Сауалнама    қорытындысы   бойынша  анықталған      оқушылар    болған  жоқ.

«Жасөспірм суициді және оның алдын алу» атты 5- 11 сынып аралығындағы сынып жетекшілеріне ақпараттық дәріс өткізілді. Мақсаты: суицид түсінігін таныстыру, алдын алу, «ерекше назар тобындағы» оқушыларды қадағалау, оларға көмек көрсету түрлерін талқылау, үнемі назарда ұстау.

4-9 сынып оқушыларына оқушыларына «Сынақтар алдындағы кеңестер» атты жадынамалар таратылды. «ББЖМ сынағындағы ата- ананың қолдауы» атты кеңестер берілді. Оқушылармен «Мектепке көтеріңікі көңіл-күймен келейік» атты тренингтері жүргізілді.

Оқушыларға   қауіпті аутодеструктивтік желілеріне кіру қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. «Жасөспірім суициді және оның алдын алу» атты 5- 11 сынып аралығындағы сынып жетекшілеріне ақпараттық дәріс өткізілді. Мақсаты: суицид түсінігін таныстыру, алдын алу, оқушыларды қадағалау, оларға көмек көрсету түрлерін талқылау, үнемі назарда ұстау.

6 сынып оқушыларына «Жаңа оқу жылына – көтеріңкі көніл – күймен» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: тренингке қатысушылардың жаңа оқу жылына эмоционалдық көңіл-күйін көтеріп, шаршағандықтарын басып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

7 сынып оқушылырына « Қобалжуды жеңуге көмек беру » атты тренинг жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы қобалжу мен адекватты мінез – құлықты жеңу дағдысын қалыптастыру. Оқушылармен тренинг барысында қобалжу жөнінде әңгімелесу, « Сөйлемді аяқта », «Тыныс алу », « Жылы лебіздер », « Шеңбер » жаттығулары жүргізілді.

8 сынып оқушыларына «Біз  сыныптағы достықты қадірлейміз» атты тренинг жүргізілді. Трениг мақсаты: Достық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, адал дос болуға, қоршаған ортамен дос болуға үйрету, қарым-қатынас өрісін дамыту. Тренинг барысында адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік бере отырып, өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту, бірін-бірі сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу.

9 сынып оқушыларына «Болашақ менің қолымда» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта — ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

11 сынып оқушыларына  «Стресстен арылу жолдары» атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: «Стресс» туралы түсінік беріп, адам денсаулығына кері әсерін түсіндіріп, тренинг жатығулары арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.  Тренинг оқушыларға позитивті ойлауға, тез шешім қабылдау, қысылғанда  жол таба білу, тіл табысу, өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыруға бағытталып оқушыларға психологиялық кеңестер берілді.

«Қауіпсіз интернет» алдын алу бойынша ақпараттық іс-шара аясында 5-11  сыныптар аралығында «Мектеп оқушыларының интернеттке тәуелділігін алдын алу» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты: оқушыларға компьютер мен смартфондар  адам денсаулығына зияны туралы айту, қанша алдын-алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру. Барлығы – 213 оқушы қатысты. Оның нәтижесі бойынша 70 % көрсеткіш бойынша оқушыларда интернетке тәуелділік жоқ, 30 % тәуелділіктің төмен деңгейі анықталды. Ал тәуелділікке бейім оқушылар анықталмады. Сонымен қатар, оқушыларға «Кибербуллинг», «Кибер риск» алын алу бойынша профилактикалық жұмыстар өткізілді. «Кибербуллинг» тақырыбына анықтамасы, оның түрлері, мен жолдары туралы ақпарат беріліп, мысал ретінде , кибер рискті алдын алуға арналған бейнежазбалар көрсетілді.

Сонымен     қатар  сынып  оқушыларына  үнемі  сырттай  бақылау  жүргізіліп   отырады. Оқушылардың   жекелік   қасиетін  анықтау, үзіліс   кезеңдерде    айналасындағылармен    қарым –қатынасы   бақыланды. Сонымен  қатар  толық  емес  отбасы,  аз    қамтылған   оқушылармен   жеке  сөйлесіп,түсіндірме   жұмыстары   жүргізілді. Психологиялық    тұрғыдан   дұрыс  қалыптасуына    жаман  ойлардан  аулақ   болуға,жағымсыз  қасиеттер  болдырмау, өз  бойларына   сенімділік   арттыру    барысында    ұсыныстар  жүргізілді.

Дарынды және қабілетті оқушылармен психологиялық бағытта жүргізілетін жұмыстар

Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру барысында психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп, кеңес беру барысында жүргізілген жұмыстарға тоқталсам.

Мектебімізде оқу жылының басында директордың ғылыми әдістемелік орынбасармен біріге отырып,дарынды оқушылардың тізімін жинақталды. Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында сыныптардан алынған «қызығушылық картасы» әдістемесінің қорытындысы бойынша білім алушылардың көбісі биология, химия,  география, физика   және журналистика   бағыттарын таңдады.

«Менің қолымнан келеді»психологиялық тренинг. Мақсаты: өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу. Бір-бірмен қарым-қатынас машығын қалыптастыру. Өзіндік бағаны жоғарлату.Треннинг барысында  «ситуациялық сұрақтар», «суреттерді аяқтайық», «мимикалық жағдай», «кім жоғын табу», «атомдар мен молекулалар», «мен саған тілеймін» жаттығулары өткізілді.

 

Ата-аналармен психологиялық ақпараттандыру, кеңес беру бағыттарында жүргізілетін жұмыстар

 

Оқу мен тәрбие процесінде бала, ата-ана, ұстаз болып бірлескен тәрбие жүйесінің тиімділігін арттыруға психологиялық ықпал етіп, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын дамыту арқылы үйлесімді қарым-қатынас орнату. Ата-аналар жауапкершілігін арттыру.

Оқушыларды ҰБТ, ОЖСБ-ға психологиялық түрде даярлау мақсатында 4,9,11 сыныптын ата-аналарына кеңес беру. Жасөспірімдердің тестілеу дайындығы кезінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер ұсынылды. «Жасөспірімнің (аутодеструктивті) мінез -құлықтың  алдын,  алу» ата –аналар   жиналысында  баяндама.  Аутодеструктивті  мінез –құлықтың  алдын  алу  барысында   кеңес  берілді. Ең бастысы баланың білім алуына қажетті жағдай жасау. Сынақ тапсырудағы жетістіктер көп жағдайда ата-аналардың қарым-қатынасы  мен жауапкершілігіне болады. Баланың сынаққа жақсы дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңестер берілді.

«Интернет  алаяқтық», «Кибербулинг және буллинг дегеніміз не?» тақырыбында түсінік беру. Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалауды білдіреді. Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек жайында ақпарат берілді. Сонымен қатар буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллингтің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болатыны жайында ата-аналарға түсіндіріліп кетті.

1 сынып ата-аналарына «Қамқорлық айнасы» атты тренинг өтті. Мақсаты: ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.  Ата-аналар өздерінің жаңа қырларын біліп, балаларымен қарым-қатынасты нығайту жолдарын іздестіріп, ата-аналар бір-бірерімен тәрбиелеудің жолдарымен бөлісті. Тренинг соңында көңіл-күйді көтеруге арналған сергіту жаттығулары жүргізілді.

1-11 сынып ата-аналарына «Тұрмыстық зорлық – зомбылықты алдын алу» тақырыбында   мектепішілік  жалпы  ата-аналар  жиыны  өтті.  Мақсаты: әр отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу.

«Кәмелетке  толмағандарға  қатысты   суицидтік  мінез-құлық  пен  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың   (буллингтің)  алдын  алу»  тақырыбында  біріңғай  жалпы  облыстық  жаппай  ата-аналар  жиналысы  өтті. Жиынға  арнайы  аудандық  аурухана  полиция  бөлімінің   мамандары  білім  алушыларға  заңнамалар  мен  кеңестер  беріп,  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізді.

Ата –аналармен   жұмысты  жандандырудың  тағы  бір  бағытын  іске  асыруда  мектепте    «Отбасы  клубы»  жұмыс   жасайды.

Мақсаты: Отбасылық  әңгімелесу  клубы  білім  беру  ұйымында  мектеп  пен  ата –ана  байланысын,отбасындағы  тәрбиенің  рөлін  арттыру.  Жыл  басынан  жоспар  бойынша   қыркүйек  айында  «Отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  қарым-қатынасы» тақырыбында  баяндама  оқылды. Баяндама  бойынша  ата-аналар  постер  қорғап, өз пікілерін  білдірді. «Мен  қандай  ата-анамын?»  тақырыбында  тренинг  өткізілді. 9-11 сынып  ата-аналарымен  «Баланың  басты  ұстазы  ата-ана»  тақырыбында  баяндама  оқылып,  кеңестер  берілді.

 

Педагогикалық ұжым және әкімшілік құрамымен жүргізілген психологиялық жұмыстар

  • Аттестациядан өтетін  педагогтарды  сүйемелдеу  мақсатында  педагогтармен  треннг жүргізілді;
  • «Эмоционалдық интеллект»  бойынша  мектеп  педагогтарына  ақпараттандыру  түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді;
  • «Мұғалімдердің кәсіби  жануының  алдын  алу»  бойынша  арнайы  брошюралар  беліліп,  ақпарат  берліді.
  • Мұғалімнің психологиялық педагогикалық  мәдениеті тақырыбындағы тренинг жүргізілді. Мақсаты: ұжымның арасындағы психологиялық ахуал туғызу, мұғалімдердің мінез-құлықтарын анықтау, өздері жайлы қысқаша ақпаратпен бөлісу мақсатында жүргізілді

27.09.2024 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-де 5-11 сынып аралығындағы ата-аналарына және педагогтерге арналған «»Аутодеструктивті мінез-құлықтың, қорқыту/кибербуллинг және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында жалпы облыстық біріңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиында арнайы тақырыптар бойынша ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында чынып жетекшілер арнайы брошюралар таратты.

28 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ -де 6а және 6ә сыныптарымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында түсіндіру сабағы жүргізілді. Мектеп педагог-психологы И.Б.Молдашева қоғамда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, әлімжеттіктің алдын алу, білім алушылардың буллинг және кибербуллинг туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату, заң және тәртіп құндылықтарын насихаттау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, оны талдау жасалынды. Арнайы видео таспа көрсетіліп, кеңестер берілді

“Амангелдi ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмiнің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде 5-11 сыныптар аралығындағы білім алушыларға бағытталған «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында жиын өткізілді. Жиында мектеп басшысының м.у.а: Б.А.Ақжанов терроризм және діни экстремизмнің алдын алу бойынша білім алушыларға кеңінен ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар, мектеп педагог-психологы: И.Б.Молдашева білім алушылармен «өміршеңдікті, стресске төзімділікті дамытуға» бағытталған тренинг өткізді.
Жалпы жиын соңында кері байланыс жасалып, білім алушылардың өзіндік көзқарасы және ой-пікірлері тыңдалды.

13.12.2024 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-де 5-11 сынып ата-аналарына арналған «МЕКТЕП-АТА-АНА-БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша: 1) Мектеп басшысының м.у.а: Ақжанов Бақытбек Ақынғазыұлы ата-аналарға оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік, мектеп формасы туралы тоқталды. 2) Амангелді ауданы полиция бөлімінің ЖПҚб КТІЖ аға УПИ полиция майоры Нурканов Серик Сапабекұлы «Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша оқушылардың кешкі уақытта көшеде беймезгіл жүрмеуі және сабақтан кешігу, сабақтан себепсіз қалу жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. 3) Амангелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бас маманы азаматтық қорғау майоры Абдирзак Ғибрат Асылханұлы: тұрмыстағы, үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері,
жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы; балаларды қараусыз қалдырмау, жұқа мұз үстімен жүрмеу, газ баллон пайдалану кезіндегі қауіпсіздік, «Darmen» бағдарламасын пайдалану жөнінде ақпарат беріп, арнайы видеороликтер көрсетті. 4) Балалар емханасының 2 участок медбикелері: Башаева Нурым Касымханқызы, Елеусізова Ақерке Абайқызы: ата-аналарға қазіргі таңда ауданымызда «Жатыр мойны обырының қатерлі ісігінің алдын алу» бойынша 11-13 жастағы жасөспірім қыз балалар арасында екпе жүргізіліп жатқандығын, екпенің бала ағзасына еш зиянсыз екендігін айтып өтті. 5) мектептің әлеуметтік педагогы Бөкеш Гұлнұр Нұрлыбекқызы «Бизнес кошелек» қосымшасы туралы яғни, мектеп асханасында ыстық тамақ ішетін оқушылар арнайы QR код арқылы өту кезінде, ата-анасы баласының қай уақытта тамақ ішкендігі туралы және сол күнгі ас мәзірін сол қосымшаға келген хабарлама арқылы күнделікті көре алатындығы жөнінде арнайы видеоролик арқылы аталғаған қосымшаны жүктеу, орнату, пайдалану жөнінде ақпарат берді. 6) мектеп педагог-психологы Молдашева Индира Бақытжанқызы «Суицид қауіпі мен девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналарға кеңестер берді.