Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы  білім беретін орта мектебі

«Театр әлемі» үйірме жұмысының жүргізілуі

туралы анықтама.  2023-2024 оқу жылы

«Театр әлемі» үйірме жұмысы аптасына -4 сағат, жылына 136 сағатқа сәйкес құрылған.

Үйірмеде 15 оқушы бар. Үйірме мүшелерінің жас шамасы 11-15 жас аралығын құрайды.

   Үйірме жұмысының мақсаты: әр оқушының өзіндік қабілетін ашу, белсенділігін арттыру. Шығармашылығын шыңдау.

Театр шығармашылығы оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттырады, ой- қиялын, зейін, есте сақтау сияқты қабілеттерін арттырады. Ұжымда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастырады. Үйірме жұмысы оқушылардың бір-бірімен тіл табыса білуі, өз ойларын, білімдерін ортаға салып, өз білгенін басқалармен бөлісе білуге үйретеді.Жетекші көмегімен жас әртістер өз рөлдерімен жұмыс істейді, сөздерін жаттайды, оның дұрыс оқылуы мен дыбысталуын, интонация тазалығы, анық артикуляция, мимика, суреттің дәл ритмикасын келтіре отыра көркем образды ашады. Рөлдерді бөлу жетекші мен оқушының келісімі бойынша жүргізіледі.

 Қыркүйек айында -16 сағат өтілді. Үйірме  мүшелеріне үйірменің жоспарымен танысып,үйірмеге қатысатын оқушылардың тізімі жасалды. Оқушыларға сөйлеу мәдениеті мен техникасы үйретілді. Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасап үйренді. Сахна техникасын меңгерді (сахнада сымбат пен жүріс  әсемдігін меңгерту).Сахналық  «Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрету(«Тілек», «Тілек тілеу», «Айна»). Үйірме мүшелеріне театр құрылымымен, оның негізгі мамандары: актер ,режиссер,сценарист,суретші, гримермен танысып, Грим техникасы. Рең беру әдістерін үйренді. Драма туралы түсінік беріліп,шығу тарихымен танысты.

Қазан айында-14 сағат өтілді. Үйірме мүшелері қойылымның сценариімен   танысып үйренді .Ана. Жер-Ана образдарын сомдады. Рольдегілердің мінез-құлық, түр, түс ерекшелігіне (сыртқы бейнесі мен дауыс мәнерін және т.б ескере отырып) қарай соған сай келетін  оқушыларды рольдерге бөліп жұмыс жасалды. Көріністердегі рольдермен жұмыс жасау (дауыс,мимика,екпін) түрлерін меңгерді.

Үйірме мүшелерімен қойылымның мазмұнын ашуға сай келетін музыка  таңдап,.дайындық жұмыстары жүргізілді. Үйірме мүшелерімен «Қуыршақ» театры жөнінде түсініктер жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларына «Қасқыр мен түлкі» ертегісінің сценарийімен таныстырып,рольдерге бөліп жұмыстар жүргізілді. Үйірме мүшелерімен  «Қасқыр мен түлкі» ертегісін сахналауға дайындық жұмысын жүргізілді.

Қараша айы-16 сағат өтілді. Қараша айында үйірме мүшелерімен, А.Имановтың 150 жылдығына орай, орталық мұражайға саяхат жасалды. Үйірме мүшелеріне «Көлеңке» театры жөнінде түсініктер жүргізлді. Үйірме мүшелерімен  «Көлеңке» театры арқылы «Үш аю» ертегісін  сахналау жұмыстары жүргізілді. Үйірме мүшелерімен « Қуыршақ театр» арқылы «Түлкі мен ешкі» ертегісі» ертегісін таныстырып,рольдерге бөліп,үйірме мүшелерімен«Түлкі мен ешкі» ертегісін сахналауға дайындық жұмысы  жүргізілді.

Желтоқсан айы-16 сағат өтілді. Үйірме мүшелері  аудио кітап арқылы « Ұр тоқпақ» қазақ халық ертегісімен танысты.  «Екі дос» әңгімесін  көлеңкелі театрмен  сахналауды үйренді. Алтынсаринның «Әке мен бала»әңгімесінің мазмұнын,негізгі идеясын түсінік жұмыстары жүргізілді.  Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала»әңгімесінің   кейіпкерлеріне талдау жасалып,мінездеме беріліп, «Әке мен бала»әңгімесіне  сахналық дайындық жұмысын жүргізілді. Үйірме мүшелерімен қойылым қойылды. « Менің атым-Қожа» повесімен танысып, кейіпкерлеріне талдау,мінездеме рольдік  тапсырмалар беру. Әңгіме желісі бойынша  монолог дайындау топ алдында сөйлеуге дайындық жұмыстары жүргізілді. «Менің атым — Қожа» повестінің желісімен дайындалған қойылымды үйірме мүшелеімен талқыланды. Жаңа жылдық концерттік бағдарлама жасалды.

Қаңтар айында өтілуге тиіс-14 сағат  өтілді. Үйірме мүшелері «Қазбек пен Қоңтажы» шешендік сөзін рөлге бөліп және  сахналап үйренді. Әңгіме желісі бойынша монолог дайындау,топ алдында сөйлеуге машықтанып үйренді. «Бауырсақ» ертегісімен сахналық дайындық жұмысын жүргізу . Кейіпкерлердің сөздерін бөліп ,кеіпкерлерді сомдауға үйретіп, «Бауырсақ» ертегісін сахналаланды. Мағжан Жұмабаев өмірінен алынған қойылымды сахналау. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұнын, негізгі идеясын ұғындыру. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының кейіпкерлеріне талдау  жасалды,мінездеме, рөлдік тапсырмалар берілді. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісімен  көрініс қойылды.

Ақпан  айы-18 сағат өтілді. Ақпан  айында үйірме мүшелерімен, Оралхан Бөкейтуғанына

80 жыл толуына орай  «Қар қызы» шығармасымен танысып , талдау жүргізілді. Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» қойылымын сахналанды.Оқушылар  Бөкей образын сомдады. «Қуыршақ театры»арқылы «Ең қымбат байлық» әңгімесін  сахналауға машықтанды. Үйірме мүшелері  иллюстрацияға қарап ертегінің мазмұнын айтуға үйренді. Үйірме мүшелерімен «Етікші» әңгімесін танысып , қойылым  барысында балаларды рөлге ене білуге үйрету арқылы , шығармашылық қабілеттері дамыды. «Көлеңкелі театры» арқылы «Үш аю» ертегісін сомдады,  ертегі кейіпкерлерін  көлеңке  арқылы тани  білді..  «Театр әлемі»  үйірмесі  «Шықбермес Шығайбай»  ертегісі бойынша қойылым қойылды. Рольдерді мінез-құлық, түр ,түс ерекшелігіне сай келетін оқушыларға қарай таңдап  бөлінді.

Наурыз  айы-10 сағат өтілді. Үйірме мүшелері  қазақтың би-шешендердің  образын,

рольдерге бөліп сомдады. Көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасалды.) Театр  оқушылары Әбіш Кекілбаев шығармаларымен танысып,  «Абылай хан» пьесасы бойынша  сахналық көрініс қойылды. Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына  135 жыл  толуына орай «Қартқожақ» әңгімесі бойынша  Ана образына  монолог оқылды.

Сәуір айында өтілуге тиіс-16 сағаттың   өтілді. Үйірме мүшелері  актер және сөз өнері жайлы тереңірек танысып , сахналық кейіпкерді жасап үйренді. «Қиял мен қиял актерлік өнердің элементтері ретінде». Конус театры арқылы «Ең қымбат байлық» әңгімесін таныстыру.Оқушылар   Роза Мұқанованың шығармашылығымен танысып, «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша монолог оқылып, көрініс қойылды. Қуыршақ театры» арқылы әңгімемен танысып, кейіпкерлердің рөліне еніп сахналауды үйренді. Әңгіменің мазмұнын сахналау арқылы мазмұндауды  үйрету «Бір үзім нан» әңгімесі.  Дулат Исабековтің  «Әпке» драмасымен танысып, үйірме мүшелері шығарма бойынша  сахналық қойылым көрсетілді.

 Үйірме мүшелері   сабақ барысында  ертегі кейіпкерлерін көлеңке арқылы тани білуге үйренді.

Мамыр  айында өтілуге тиіс-16 сағат өтілді. Оқушылар  әр сабақ сайын тыныс алуды дамыту мен сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс істеуіне бағытталған ойындар мен  жаттығулар жасап машықтанады. Қойылымға пьеса (ертегі) таңдау.«Қаңбақ шал» ертегісімен танысып, оны мазмұндау мақсатында рөлдерді қаңбақ шал кейіпін келтіріп, кемпір кейіпіне келтіріп  сомдады. Саусақтармен жаттығу, рөлдерді мәнерлеп оқуға дайындау жұмыстары жүргізілді. Мейірімді қыз (қойылым) монолог оқылды.

Жалпы үйірме мүшелері  мектепішілік, сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін  көрсетуден жалықпайды. Оқушылардың театр үйірмесіне деген қызығушылықтары жақсы. Олар дайындық кезінде рөлдерді сомдауға барын салады. Жауапкершілікті біледі,  кейіпкер образын ашуға тырысады.

«Алтын шашу» балалар мен жасөспірімдер театр шығармашылығының ІV  облыстық  қашықтық байқауына  «Театр әлемі» үйірмесі М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан драмалық қойылым ұсынылды.

«Армандастар»  балалар шығармашылығының аудандық фестиваль байқауына М.Мағауиннің «Бір уыс бидай» әңгімесінің желісі  бойынша үйірме мүшелері сахналық қойылымға  қойылым қойып, марапатталды..

Аудандық «Абай  оқуы» байқауына үйірме мүшесі Дүйсенбек Айбек қатысып ІІ орын иеленді. Үйірме мүшелері монолог айтудың қыр –сырын меңгерген  Ермұқанбетова Ақнұр,поэманы  нақышына келтіріп оқитын,ролдердік ойындарды шебер сомдаушы Мұханбетқалиев

Нұрдәулет,Асқаров Нүрислам т.б айтуға болады.

2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар