Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Парасат дебат 2021- 2024 оқу жылы

 

 

Клуб жетекшісі: Атамбаев Нурлыбек Туякбаевич Туған жылы, айы, күні: 1989.02.26

Білімі: жоғары

Мараптаттары: облыстық, аудандық, мектепішілік грамоталар.

Біліктілік арттыру курстарынан өтуі: 2021 ж 12 ақпан

Дебатты дамыту бойынша курс: « Дебаттар ! бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері»

ҚРОАМ Республикалық қосымша білім беру орталығы 01-12.04.2024 ж 2023 жылы тәжірибе алмасу мақсатында облыстық жетекшілер арасындағы турнирге қатысты

 

 

«Парасат» дебат клубының төлқұжаты

 
Клубтың ашылу уақыты 01.03.2021 жыл
Клуб мекен — жайы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі Абай көшесі 45
Оқыту тілі Қазақ тілі
Барлық білім алушылар 51
Қазақ тілінде 5 – 6 — 7 – 8 – 9- 10 – 11 сыныптар
Жетістіктері «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы» аудандық дебат турнирі

«Алғыс хат»

2020 – 2021 оқу жылы аудандық дебат турнирі финалдық кезең қатысушысы;

2020 – 2021 оқу жылы Қабдыхамитов Ерназ «ауданның ең үздік спикері» атанды;

2020 – 2021 оқу жылы «Парасат» дебат клубының жетекшісі Атамбаев Нұрлыбек Тұяқбайұлы «Алғыс хат» аудандық білім бөлімінің сапалы команда дайындағаны үшін

2021 – 2022 оқу жылы аудандық дебат турнирі 3 орын;

2021 – 2022 оқу жылы Бейсенбеков Нұрым «ауданның ең үздік спикері» атанды, облыстық кезеңге жолдама алды;

2021 – 2022 оқу жылы облыстық дебат турнирі Бейсенбеков Нұрым

«ең білімді спикер» атағын жеңіп алды.(Облыстық кезеңге қатысқан 40 оқушының арасынан 4 орын 93 балл)

2022 жылы 16 қараша күні «Болашақ» тақырыбында өткізілген аудандық дебат турнирі ІІ орын;

2023 жылы 13 қаңтар екінші аудандық дебат турнирі «Үздік спикер» номинациясы Нұрлыбекова Аруай, жетекшісіне аудандық білім бөлімінің «Алғыс хат»

2024 жыл «Біз әділетті Қазақстан үшін» оқушы, мұғалім,ата – аналар арасында өткен аудандық пікірсайыс турнирі І орын 2024 жыл аудандық білім беру мемлекеттік мекемесінің «Алғыс хаты» «Парасат» дебат клубына

 

Мектептердегі ашық пікірсайыс клубтары басшыларының тізімі

 

Клуб басшыларының

Т.А.Ә.

Пікірсайыс клубының атауы. Клубтың орналасқан мекен –

жайы (аудан, елді мекен, мектеп)

Жұмыс орны, лауазымы Мобильді телефон Электронды пошта
 

1

 

Атамбаев Нурлыбек Туякбаевич

«Парасат» дебат клубы Амангелді ауданы, Амангелді селосы,

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»

 

География пәні мұғалімі

 

+7778 390 40 50

Atambaev89@list.ru

«Парасат» дебат клубының сабақ кестесі 2022 – 2023 оқу жылы

«Парасат» дебат клубының жетекшісі: Атамбаев Н.Т.

«Парасат» дебат клубының 2021 – 2022 оқу жылында атқарған жұмыстарына талдау.

Парасат дебат клубына 2021 — 2022 оқу жылы барлығы 15 оқушы тартылды.Апта сайын оқушылармен дайындық жұмыстары жүргізіліп , ай сайын мектепішілік турнир өткізілді.Аудандық турнирге оза шапқан оқушылар қатысып мектеп намысын қорғады. Нәтижесінде мектебіміздің командасы, құрамында Бейсенбеков Нұрым мен Ыбырайқызы Аяла бастаған оқушыларымыз аудандық турнирде жүлделі ІІІ орын иеленді.Спикерлер арасында Бейсенбеков Нұрым «Ауданның ең үздік спикері» атағын жеңіп алып , облыстық турнирге жолдама алды.Сәуір айында өткізілген облыстық дебат турнирінде Бейсенбеков Нұрым облыстың «ең білімді спикері» атағын жеңіп алды.(Облыстық кезеңге қатысқан 40 оқушының арасынан 4 орын 93 балл)

Жетекші: Атамбаев Н.Т.

 

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі

«Парасат» дебат клубының 2022 – 2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының жылдық есебі.

Қыркүйек айында күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасалып директор және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді.Осы айда топ құрамы жинақталды.Сонымен қатар топтың арнайы эмблемасы құрастырылды.Топ құрамына барлығы 25 оқушы тартылды.Әр оқушы өтініш арқылы клубқа қабылданды.Ер балалар саны 13, қыз балалар 12. Жыл бойы жоспарға сай сейсенбі және сәрсенбі күндері дайындық жұмыстары жүргізілді.Тәжірибе алмасу мақсатында 14 қыркүйек күні Амангелді мектебінде өткізілген клуб жетекшілерінің әдістемелік күніне қатыстым.Жылдық жоспарға сәйкес әр аптаның сейсенбі күні мектептің әлеуметтік парақшасына пост жарияланып отырды.28 қазан күні А.Нұрманов мектебінде өткізілген шеберлік сыныбына мектебіміздің оқушылары қатысып Н.Мейірманов мектебінің оқушыларымен болған достық турнирінде өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.Қараша айының алғашқы онкүндігінде облыстық деңгейде өткізілген «DEBATE CHALLENGE» челленджіне топ мүшелерімен бейнеролик түсіріліп облысқа жіберілді.16 қараша күні Жалдама жалпы білім беретін мектебінде «Болашақ» тақырыбында аудандық дебат турнирі өткізілді.Нәтижесінде «Парасат» дебат клубы ақтық сайыста сүрініп ІІ орынды иеленді.Мектеп намысын Қадырова Ақбота мен Ыбырайқызы Аяла қорғады.Жетекшісіне аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты табысталды.Жыл ішінде жетекшілерге арналған вебинарларға қатыстым.Сонымен қатар апта сайын өткізілген дайындық жұмыстары әр түрлі қарарларды қамтыды.14 желтоқсан күні «Тәуелсіздік асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі» тақырыбында арна йы мамандармен кездесу өткізілді.Кездесуге Амангелді Иманов атындағы мемориалдық музейдің ғылыми қызметкері Досбергенов Жалғас Торғайбекұлы мен тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ізімғалиева Жансәуле Жанәбілқызы шақырылды. Сонымен қатар аудандық мемориалдық музейде тәуелсіздік күніне өткізілген іс – шараға клуб мүшелері толық қатысып қайтты.13 қаңтар күні мектебімізде екінші аудандық турнир өткізілді.Бұл сайыста оқушыларымыз жартылай финалда сүрініп жарыс жолынан шығып қалды.Нұрлыбекова Аруай «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.Мектеп намысын Тұрғанова Алтынай мен Нұрлыбекова Аруай қорғады.

Ақпан айының 10 жұлдызында Б.Қолдасбаев мектебінің «Көзқарас» дебат клубының мүшелерімен жолдастық кездесу өтті.Төрешілік жасауға арнайы мамандар шақырылды.17.02 күні Ә.Боранбаев мектебінің дебат клубы командасымен жолдастық кездесу өткізілді.Наурыз айының 24 жұлдызында Қостанай қаласында пікірсайыс клубтарының жетекшілері арасында тәжірибе алмасу турниріне қатыстым.Сәуір айының 14 күні мектебімізде ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұстаздар мен оқушылар арасында дебат ойыны өткізілді.Сәуірдің 20 күні айлық жоспарға сәйкес аудандағы әр салада жемісті еңбек етіп жүрген мамандармен «Мамандық

 

таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Оған Алтын Дала мемлекеттік табиғи резерватының аңшы – биолог маманы Жумабай Азамат Сактапбергенович, Амангелді аудандық ауруханасының терапевт дәрігері Сәбитбек Кеңес Бауыржанұлы, Аудандық полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі маманы Нурканов Серик Сапабекович шақырылды.Мамыр айында айлық жоспарға сәйкес апта сайын дайындық жұмыстары жүргізілді.Оқу жылының соңында жыл бойы белсенділік танытқан клуб мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.

 

«Парасат» дебат клубының жетекшісі: Атамбаев Н.Т.

 

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі

«Парасат» дебат клубының 2023 – 2024 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының жылдық есебі.

Қыркүйек айында күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасалып директор және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді.Осы айда топ құрамы жинақталды.Дебат клубы мүшелері жас ерекшелігіне сай 4 топқа бөлінді.Клуб құрамына 5-11 сынып оқушыларынан барлығы 51 оқушы тартылды.Әр оқушы өтініш арқылы клубқа қабылданды.Ер балалар саны 22, қыз балалар 29. Жыл бойы жоспарға сай дүйсенбі мен бейсенбі күндері аралығында дайындық жұмыстары жүргізілді.Дайындық барысында әр түрлі тапсырмалар мен жаттығулар жасалды.Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын байыту мақсатында ай сайын мектепішілік дебат турнирлері мен дөңгелек үстелдер, әр түрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастырылып отырды.Сонымен қатар басқа мектептің дебат клубтарымен жолдастық кездесулер ұйымдастырылды.Атап айтар болсақ 28 қыркүйек ұстаздар күні мерекесіне орай мектебіміздің ұстаздары мен

«Парасат» дебат клубы мүшелері арасында дебат ойыны өткізілді.Мақсаты ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

9 қараша күні «Менің құқықтарым әлемі» тақырыбында Парасат клуб мүшелері мен дөңгелек үстел өткізілді.Іс – шараға м.у.а. Ақжанов Бақытбек Ақынғазыұлы, әлеуметтік педегог Серікқызы Бұлбұлханым, мектеп психологі Молдашева Индира Бақытжанқызы қатысты.8 ақпан күні мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Қарарлар: «БП Қазақстан азаматтығын алу талаптарын күшейту керек деп есептейді, «БП Z ұрпақтары Х,У ұрпақтарына қарағанда психологиялық әлсіз деп есептейді »

        

«Парасат» дебат клубы құрылғаннан бастап топ құрамында болған көптеген дебатерлар қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында өздерін шешендік қырларынан танытып жүр.Атап айтар болсақ Бейсенбек Нұрым, Қабдыхамитов Ерназ, Ыбырайқызы Аяла, Қадырова Ақбота сынды түлектеріміз біздің мақтаныштарымыз.

2023 – 2024 оқу жылын «Парасат» дебат клубы жақсы жетістіктер мен аяқтап отыр.Оған дәлел 26 ақпан күні Амангелді жалпы білім беретін мектебінде «Біз әділетті Қазақстан үшін» тақырыбында оқушы, мұғалім, ата – аналар арасында өткен аудандық пікірсайыс турнирінде І орын иеленді.Топ құрамында Есмурзин Қанат (ата — ана), Қоңыров Наурызбай (мұғалім) Нұрлыбекова Аруайлар (оқушы) болды.Бұл сайыстың ерекшелігі алғаш рет өткізілген пікірсайыс форматы болатын.Сайыс қорытындысы бойынша Аруай үздік спикер атанды.

       

«Ұстазы жалынды болмай, шәкірті дарынды болмайды» демекші оқушылардың шешендік өнерін дамытуда ең басты ықпал етуші ол әрине – жетекші.Сондықтан осы мақсатта сәуір айының 1 – 12 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту минитрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Дебаттар: бұқаралық  пікірсайыс  жүргізу  теориясы  мен  тәжірибесі  негіздері» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өттім.Курстан алған білімімді алдағы уақытта оқушылардың бойына сіңіруді мақсат етіп отырмын.Қазіргі таңда клуб құрамында дарынды, білімді, сөзге шешен оқушылар көп.Олар: Нұрлыбекова Аруай,Жақсылықова Жанерке, Тұрғанова Алтынай, Қажмұқан Ілияс, Мұханбетқалиев Нұрдаулет, Қазыкен Ақылбек, Ғабит Әл-Ғазиз, Біләл Кәусар сынды оқушылар.Өткен жылға өкпе жоқ, алдағы оқу жылынан күтер үмітіміз көп.

 

«Парасат» дебат клубының жетекшісі: Атамбаев Н.Т.