Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Балдәурен» ақылы үйірмесінің жетекшісі Изтелеуова Розаның мәліметі.
Вокал үйірмесі.
Пәннің мақсаты және тапсырмасы
• Вокалдық шеберлікті иелену;
• музыкалық білімді қабылдау;
• вокалдық техникалық білімді қабылдау және өркендеу;
• жан – жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.
Пәннің міндеті:
• әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды-техникалық жағынан жетілдіру;
• резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;
• оқушылардың вокалды-эстрадалық білімін нығайта отырып, сахнада ән салу мәнерін үйрету;
• Хор үйірмесі
• Мектепте ұйымдастырылатын хор үйірмесі оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашады. Хор үйірмесі баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға септігін тигізеді.
• Ұстаздың әр сыныптағы оқушылардың бастарын қосып, хор ұжымын ұйымдастыру жүмысы музыкалық тәрбиенің басты салаларының бірі. Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді.
• Мақсаты:
• • хормен ән айту мәдениетінің негізін оқушыларда ұйымдастыру;
• • теориялық білімдер жүйесі, практикалық ептілік және хор айту дағдысымен жұмыс істеу.
• • оқушыларды өнер құндылықтарын сезіну, таза және мәнерлі ән салу, тіл, сөз өнерін меңгеру, олардың бойында адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, шығармашылықтарын арттыру болып табылады.
• Міндеттері:
• • оқушылардың хормен ән айту қызушылығын баулу, оның қажетілігін көрсету;
• • ән салатын дыбыстың пайда болу дағдыларының дағдысын және шеберлігін ұйымдастыру;
• • Қазақ және әлем халқының вокалды шығармашылық үлгілермен танысу;
• Хор ұжымын ұйымдастыру жұмысы оған оқушыларды қабылдауға арналған талаптардан басталады. Бұл талап та, ең алдымен, оқушылардың музыкалық ән айту қабілеттерін тыңдап, байқау жұмысынан тұрады. Балалардың дауыс мөлшерін анықтауға барынша көңіл бөлінгені дұрыс.
Хормен дайындық жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіліл, ол әрбір жаңа әнді жан-жақты таныстырумен басталғаны орынды. Хорға шығарманы үйрету жұмыстары әннің сөздерін жаттатудан басталады.
Осындай міндет мақсаттармен үірме 25 оқушымен қамтылған. Онда 1 сынып пен 11 сынып арасындағы оқушылар бар. Үйірме аптасына 2 рет өтеді. Үйірме оқушылары әр-түрлі сайыстарға, мерекелік іс-шараларға қатынасады. Мысалы айтар болсам үйірме оқушыларынан бірнеше вокалды топтар құрылды. Олар: Бақытбек Айзере, Қайырғали Мансұр, Таңатқан Аяла, Тұрсынғали Есен, Қуаныш Ерке. Осы оқушылардан құрылған топ әр-түрлі әндер орындап аудан іс-шараларына қатынасып көрермендер көңілінен шықты. Сонымен қатар қазіргі 3 сыныптан құрылған Айсана, Еркежан, Әли, Кәусар, Айша, Мүрсәлім, Нұрасыл деген қушылар да көптеген мектепішілік және аудандық концерттерде өнер көрсетіп келеді. Биылғы 8 наурыз мерекесінде ұл балалардан құрылған хор аудандық концертте жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Ал сайыстарға келер болсам Бақытбек Айзере аудандық «Ақ желкен» байқауда 3 орын иеленді. Республикалық «Ән шуақ» челенджіне Құлахметов Заңғар «Байтақ елім» әнімен, Жұмабек Бекарыс «Бозторғай ана»әнімен, Жақыпбекова Жанайым «Мен қазақтың қызымын» әнімен, Серік Аружан мен Абайқызы Адина «Оқып біліп үйренеміз» әнімен видео түсіріліп әлеуметтік желіге жарияланып көп лүпілдер жинады. Олардың ішінен аудандық гала концертке Жұмабек Бекарыс іріктеліп алынып отыр. Осындай жетістіктеріміз бар.