Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Үйірмелердің ұйымдастыру бойынша  жұмыс

Технология бірлестігі бойынша үйірмелерге 2023-2024  жарты жылдық бойынша

м ә л і м е т

Технология бірлестігінде  9 үйірме жұмыс жасайды олар;

Волейбол ,баскетбол,футбол,тоғызқұмалақ,теннис,шахмат,ұлттық ойындар, «Мереке »бишілер тобы, «Жас сарбаздар», «Вокаль» музыка

 

Бірлестік жетекшісі ;Оспанова Айгерим Ғабдоллақызы

 

«Асық ату», «Бес тас» үйірмесінің І жартыжылдық

 бойынша есебі

2023-2024 оқу жылында «Асық ату», «Бес тас» үйірмесімен жұмыс жасаймын. Үйірмеде 12 оқушы.Жалпы үйірменің мақсаты-өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін бағалай білетін азамат етіп қалыптастыру. Қазақ халқының ұлттық ойындарын үйрете отырып, ойын арқылы әдет-ғұрпынан деректер беру. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнаса да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен -құрдас бір- біріне бәсекелесіп ойнаса да, үлкен мен кіші бір-бірін сынай ойнаса да болады. Оқушыларды шеберлікке, мергендікке, батылдыққа тәрбиелейді.

Үйірме оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ауданда спорт түрлерін насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында өткізілген мектеп оқушыларының асық ойынынан лига жарысы 9-11 сынып оқушы ұлдар арасында ІІІ топ бойынша Сапабек Бейбарыс ІІІ орын, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, ауданда спорт түрлерін насихаттау, үздік шыққан спортшыларды анықтау мақсатында өткізілген мектеп оқушыларының асық ойынынан лига жарысы 9-11 сынып оқушы қыздар арасында бес тас ойынынан команда бойынша І орын, Бестас ойынынан ІІІ топ бойынша І орын Жақсылықова Жанерке,  Бес тас ойынынан І топ бойынша Нұрбаева Назерке, бес тас ойынынан Ермұханқызы Алтын І орын иеленді.

Облыстық «Бес асық-асық ату» мектеп лигасында Ермұханқызы Алтын І орын иеленді.

Есеп беруші: үйірме жетекшісі Жалмағанбетов А

 

 

«Тоғызқұмалақ» үйірмесінің

атқарылған жұмыс туралы мәлімет

        2023-2024 оқу жылында мектебімізде қыркүйек айынан бастап «Тоғызқұмалақ» үйірмесі өз жұмысын жасап келеді. Үйірменің мақсатыоқушыларға тоғызқұмалақ ойынын ойнау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту, ұстамдылыққа, сабырлыққа, төзімділікке, жігер-намысын шыңдауға және көп еңбектенуге тәрбиелеу.

Оқу жылының басында үйірменің күнтізбелік-тақырыптық жоспары бекітілді. Үйірмеге қатысатын оқушылар саны    15.                                              Бағдарлама жылына 102 сағат, аптасына 3 сағат құрылған. Үйірменің теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген.

Қараша айының 13-і жұлдызы күні 9-11 cыныптар арасында мектеп оқушыларының лига жарысы «Тоғызқұмалақ» ойыннан қыздар арасынан Ермұханқызы Алтын Iорын, Қадыр Жанболат IIорын иеленді.

Қаңтар айының 26күні Амангелді ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық тоғызқұмалақ жарысы болды. Аталған жарыстан оқушыларым жоғары жетістікке жетті. Атап айтатын болсам Тоқтарова Айым « орын, Нұрбаев Диас 3 орын, Қалыбекұлы I орын, Нұрбаева Айзере 4 орын иеленді.

 

 

Дене шынықтыру пән мұғалімі: Буркитбаев Е.Т