Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Мектеп басшысы

 

Тайкелдин Рауан Сиражденович

Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылында 1988 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.
2005-2008 ж ж Қостанай педагогикалық колледжінің информатика және есептеуіш техника мамандығын бітірген. Мiржақып Дулатов
атындағы
Қостанай инженерлік-экономикалық университеті «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 2017-2020 жж аяқтаған.
2008-2021 жж Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
информатика пәнінің мұғалімі, 2021-2025 жж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары,
информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқанған.
2025 жылдың 13 қаңтарында Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің басшысы болып тағайындалды.

 

 

Директордың  оқу ісі  жөніндегі  орынбасары

Жусупова Құралай Бериковнадиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2003 жылы Арқалық мемлекеттікпедагогикалық
институтының ағылшын және қазақ тілі пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған. 2003 -2014 жылдары мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
2015жылдан бастап директорының оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Санатылығы :Педагог-сарапшы
Еңбек өтілі :21 жыл
Білімі: жоғары

 

 

 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Акжанов Бакытбек Акынгазыевич — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2005-2009 жылдар аралығында Арқалық мемлекеттікпедагогикалық институтының құқық және экономика мамандығын үздік қызыл дипломмен аяқтап, 2009 жылдан бері құқық негіздері пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. 2021 -2023 жылдар аралығында Көкшетау қаласы Абай Мырзахметов атындағы университетте заң ғылымдарының магистрі дипломының иегері. Мектепте
2017-2022 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызыметін атқарған. 2022-2025 жылдар аралығында директордың міндетін уақытша атқарған. 2025 жылдан бастап директорының тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
Санатылығы :Педагог-модератор
Еңбек өтілі :15 жыл
Білімі: жоғары

 

 

 

 

Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары

Максутбаева Карлыгаш Бекеновна 1992 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтының француз
және неміс тілі пәні мұғалімі және 2007 жыл Арқалық педагогикалық институтының құқық және экономика негіздерінің
бакалаврын аяқтаған. 2005 -2009 жылдары мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі болып, 2009 жылдан бастап
мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары. 2011-2015 жылдары аралығында Аманкелді аудандық мәслихат
депутаты болды. 2008 жылы «Ең үздік директордың орынбасары» байқауында І орын иеленген.
«Интерактивтік жабдықты қолданатын үздік пән мұғалімі» байқауында марапатталды.

 

 

 

 

 

2009 жылы «Ы.Алтынсариннің ардақты арманы» педагогикалық конференциясында «Ы.Алтынсарин білім және тәрбиесінде алынған қолдар», содан кейін бұл құжат арнайы жинаққа енген.«Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесін дамыту» тақырыбында «Алтынсарин оқулары -2010» 3-ші халықаралық ғылыми конференциясында «Ы. Алтынсариннің ұлттық білім берудегі ұстанымдарын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы дамыту» тақырыбында баяндама жасады. «12 жылдық оқытуға көшу» атты облыстық дөңгелек үстелге, «12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттік оқулықтар және оқу материалдарының сапасын мониторингілеу» республикалық семинарына қатысты. Сондай-ақ 12 жылдық эксперименттік оқыту бойынша жыл сайын ауданаралық, облыстық және республикалық семинарларда сөз сөйледі. Барлық баяндамалар республикалық жинақтарға енген. 2012 жылы «Жаңа Қазақстанға – жаңа мектеп» педагогикалық инновациялардың облыстық байқау – жәрмеңкесіне қатысып марапаттталған. 2015 жылы «Мектеп баспасөзі» аудандық жас журналистерге арналған мектеп газетінің сырттай конкурсы І орын алды. 2014 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында эксперимент өткізуде жоғары көрсеткен кәсіби біліктілігі мен шығармашылық еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Құрмет грамотасымен 2016 жылы марапатталған. 2017 жылы Халықаралық “Лучшие в образовании” энциклопедиясына енді. 2017 жылы «Экономика курсынан оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған құзырлық тапсырмалар» қолданбалы (таңдау) курсы бағдарламасын құрастырған.ISBN978-601-321-371-2.

 

 

2017 жылы Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында жаңартылған білім беруде пилоттық және тіріек мектептерінің өзара іс- қимылы стратегиясы бойынша секциялық отырысында «Тірек мектебі ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби дамуындағы механизмі» тақырыбында баяндама жасады, жұмысы жинаққа енді.
2018 жылы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының «Қазақстандық интернет олимпиадалар» құқық пәні мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасынан І орын алған.
2018 жылы «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер», «Қазіргі сабақ және технологиялар» тақырыбында аудандық семинарда жұмыс көрсетті.
2019 жылы «Білім беруді жаңарту жолдары» тақырыбындағы мақаласы «Учительская плюс» газетінің №12 (358) санына жарияланды. 2019 жылы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Құқық пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасына оқушысы Каженова Аружан қатысып, ІІ орын иеленді

 

 

 

 

 

2019 жылы «Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасы-ұлттың асыл қазынасы» атты облыстық педагогикалық оқулардың «Бейімбет Майлиннің шығармашылығы – жас ұрпақ үшін керемет әдеби мектеп» бағытындағы секциялық жұмыста «Тума талант иесі — Бейімбет Майлин» тақырыбында жұмыс көрсетіп, жұмысы облыстық жинағына енген.
2019 жылы «Учительская плюс» облыстық ақпараттық-білім беру газеті №12 (358) санына «Білім беруді жаңарту жолдары» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
2020 жылы «Білім кілті» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының №1 (139) санына «Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары», «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми- әдістемелік журналының ретінде» №11(14) «Үйрену мен үйрету- кәсіби дамудың өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
2020 жылы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының Қазақстан республикасы КИО қашықтық олимпиадасында «Адам. Қоғам. Құқық» бойынша қатысып І орын иеленді.

 

 

 

 

Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары

Нұрмұханбетова Гүлім Нағызханқызы
2012 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының биология пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған.
2012 -2013 жылдан бастап мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды
Санатылығы : педагог- модератор
Еңбек өтілі :12  жыл
Білімі: жоғары

 

 

 

Каримов Ерқанат Қамысбайұлы

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, математика пәні мүғалімі, Білімі: жоғары-бакалавр, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ,
2011 жыл жоғары-магистр,»Тұран-Астана» университеті, 2013 жыл
Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші
Еңбек өтілі: 13 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Аға тәлімгер

Сейтқалиева Әлия Оңдағанқызымектептің аға тәлімгері

2009 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім мамандығы бойынша аяқтаған.
2009 жылы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебіне музыка пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.
2014—жылыдан бастап мектеп тәлімгері болып қызмет атқарады.
Еңбек өтілі :15 жыл
Білімі: жоғары

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік педагог

Бөкеш Гүлнұр Нұрлыбекқызы- әлеуметтік педагог

Туған күні: 03.07.2002жыл
Мамандығы: Қазақ филологиясы
2020 -2024  жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін бітірген

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог

Молдашева Индира Бахытжановна

2007 жылы Көкшетау Университетінің педагог-психолог және психология пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтаған.
Білімі: жоғары
Жалпы еңбек өтілі: 19 жыл
Аталған мамандық бойынша еңбек өтілі: 14 жыл
Санаттылығы: педагог-сарапшы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп медбикесі

Калиева Меруерт Танаткановна

Аркалык Медициналық колледжін 2007 жылы түсіп, 2010 жылы бітірген.
Білімі: орта
Еңбек өтілі: 11 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп кітапханашысы

Шаймерденова Зарина Сандибековна

2016 жылы Арқалық мемлекеттікпедагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған.
2023 -2024 жылдан бастап мектепте кітапханашы болып жұмыс жасайды.
Санатылығы :Педагог
Еңбек өтілі : 5 жыл
Білімі: жоғары