Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

        Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Бөкеш Гүлнұрдың 17.09.2024 және 04.01.2025 уақыт аралығында атқарған жұмысы жайлы текті мәлімет.

2024-2025 оқу жылында қыркүйек айынан бастап 217 оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және толық емес отбасы балалары, сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Олар: 1-4 сыныптар бойынша 129 оқушы, 5-9 сыныптар бойынша  85 оқушы, 10-11 сыныптар бойынша 16 оқушы. Оқушылардың мектепішілік есептен шығарылуына байланысты, сонымен қатар мектепке жаңадан оқушылар көшіп келуіне байланысты бұл цифрлар

Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушыларға астың уақытылы және талапқа сай берілуі тұрақты түрде қадағаланды. Оқушыларды түгендеу арнайы журналға тіркеліп отырады. Ай сайын оқушылардың ыстық тамақты ішкені жөнінде табель толтырылып, тапсырылып отырды.

Жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде белсенді жұмыс жүргізілді.       2024-2025 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол – Жақсылық жасап жарысайық!» ұранымен өткізіліп отыр. Акция 01 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтиды. Аталмыш акцияның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының ниеті негізінде оқушыларға Қорғаныс бөлімі мекемесі 45 000 теңгеге көп балалы отбасы баласы Сәлімкерейұлы Ерасыл, Салық басқармасы мекемесі  теңгеге көп балалы отбасы баласы  Сәлімкерейұлы Нұрасыл, Аудандық Аманат партиясы 3 оқушыға аз қмтылған, көп балалы, толық емес отбасы баласы 1 сынып –  Зейнолла Қайсар, көп балалы отбасы баласы 1 сынып – Қуанышбай Шахдияр,  мүмкіндігі шектеулі бала 1 сынып – Ғалымбек Раяна, әр қайсысына 15 000 теңге көлеміндегі сөмке және оқу құралдарын табыстады. Барлық сумма 136 500 теңгені құрады. Көктемде Амангелді ауданында төтенше жағдай салдарынан жапа шеккен отбасы балаларына, бастауыш сыныбының 2 оқушысына сөмке, оқу құралдарымен берілді.Республикалық Аманат партиясы атынан бастауыш сыныбының әлеуметтік мәртебесіне ие 10 оқушысына сөмке, оқу құралдарымен арнайы табысталды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы 43 407 теңге деңгейінің шамасынан  төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлардың   салдарынан шұғыл  жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзгеде санаттағы  білім алушылар мен тәрбиеленушілерге  қаржылай көмек көрсету үшін   Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында көрсетілетін санаттар бойынша көмек алуға құқылы отбасылардың  білім алушылармен тәрбиеленушілерге  көмек көрсету үшін арнайы мектептік  алқалы орган «Қамқоршылық кеңес» отырысында көмек көрсетуге тиесілі білім алушылармен тәрбиеленушілер тізімдері анықталып, әр оқушыға 43 407 теңге сомасында қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 69 отбасы, 150 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.

Әр тоқсан сайын өгей әкемен тұратын және кісі үйінде жататын оқушылардың үйін аралап, тұрмыстық жағдайлары мен сабақ оқуға дайындықтары қадағаланды.

II тоқсан ортасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақ ішуін қадағалауды автоматтандыру мақсатында барлық Қазақстан мектептерінде ваучер жүйесі жұмысы енгізіле бастады. Мектептерге бұл жүйені кіргізу үшін мектептің әлеуметтік педагогтері жауапты болды. Жұмысты жүзеге асыру барысында әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер тығыз байланыста жұмыс жасады. Сондай-ақ 13.12.2024 күні өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында ваучер жұмысы жайлы тағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде бірнеше ата-ана ваучері сәтті тіркелді. Жүйе жаңа енгізілгендіктен әрі еліміздің барлық мектептері бір уақытта тіркеліп жатқаны себепті техникалық ақауларға байланысты тіркеле алмаған ата-аналардың ваучерлерімен әлі де жұмыс жасалынуда.

Педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтерге, сынып жетекшілерге, кураторларға және тәрбие жөніндегі директорлардың орынбасарларына арналған «ASPPM HR+» жүйесіне ену жұмыстары жүргізілді. Әр оқушы жайлы мәліметті тіркеу үшін сынып жетекшілер және мектеп психологымен бірлесе отырып жұмыс жасалынды. Жұмыс нәтижесінде әр оқушы жайлы жеке мәлімет пен ата-анасы, отбасы, әлеуметтік жағдайы, денсаулық жағдайы туралы деректер жүйеге енгізілді.

Жыл соңында, 26.12.2024 күні ауданымызда жыл сайын өткізілетін Қазақстанның әр аумағында өтетін Президент шыршасы болды. Аудандық көлемде өткізілген Президент шыршасына Амангелді ауданының барлық мектебінен оқушылар қатысты, соның ішінде Ы.Алтынсарин ЖББ мектебінен 3 қыз, 3 ер бала, барлығы 6 оқушы қатысты. Оқу үздігі, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар критерийлер бойынша таңдалып алынды. Оқушыларға концерттік және мерекелік дастархан ұйымдастырылып, әр оқушыға бағалы сыйлықтар сыйланды.

Құжаттама