2021-2024 ж. Технология бірлестігінің атқарған жұмысы. Жетекшісі: Оспанова А.Ғ
Жаратылыстану бірлестігінің атқарған жұмыс қорытындысы 2023-2024 о.ж
Жаратылыстану бірлестігінің атқарған жұмысы 2022- 2023 оку жылы (2)
Бастауыш бірлестігі. Жетекшісі- Досымова К.Б 2023- 2024жж
Математика және информатика бірлестігінің атқарған жұмысы 2023-2024
Мектебімізде «Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың физика, химия,биология,география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру . Жаратылыстану пәндерін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданып, білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу.
7 қазан мен 14 қазан күндері аралығында жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» атты апталығы өтті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатынасты. Мектеп мұғалімдері үшін де үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды. Белсене қатынасқан оқушылар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.
2024-2025 оқу жылының 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында технология пәндерінің апталығы өтті.
Тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»
Апталықтың жұмыс мақсаты: Адамзат баласы үшін өте маңызды құндылықтардың бірі-білім. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы басты міндет-оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауы, олардың өзіндік жеке қабілеттерін ашуына қолайлы жағдай туғызу. Әр баланың шығармашылық қабілеті мен талантын ашу- мұғалімнің міндеті.
“Табиғи материалдардың түрлерімен жасалатын бұйым нобайын орындау”
Ашық сабақ |
6“ А ”
4 сағат |
29.11.2024 | Мұхамбетжанов С.С |
“Акробатикалық жаттығулар
Командалық жұмыстын көшбасшылық” Ашық сабақ |
3 “А”
3 сағат |
27.11.2024 | Жалмағамбетов А.М |
“Халық музыкасының интерпретациясы”
Ашық сабақ |
5 “Ә”
3 сағат |
27.11.2024 | Изтелеуова Р.Ш |
“Гимнастикалық құрал жабдықтарда орындалатын жаттығу түрлері
Гимнастикалық кіші атта биіктікке секіру“ |
7 “А”
3 сағат |
27.11.2024 | Молдашев Ж. |
Волейбол “ойын әдіс тәсілдері” | Үйірме оқушыларымен | 26.11.2024
Сағат 15:30 |
Берденов А.Т |
Калашников автоматын (қол пулеметін)жартылай бөлшектеу.
Ашық сабақ |
10 сыныптар
5 сағат |
26.11.2024 | Жанадилов Қ.С |
“Пионербол ережелері”
Ашық сабақ |
5 “ә”
3 сағат |
28.11.2024 | Сейдин С.С |
Этностильдегі бұйымның дизайны. | 8«А»
6 сағат |
28.011.2024 | Ахметова А.Б |
“Акробатикалық жаттығулар ” | 6 “Ә” | 27.11.2024
4 сағат |
Оспанова А.Ғ |
27.11.24 – 04.12.2024
Тақырыбы: «Язык мой-друг мой», «Language is my friend» тақырыбында шет тілдер пән бірлестігінің апталығының қорытындысы
Шет тілі бірлестігінде құрамы 6 мұғалімнен тұрады.Олар: ағылшын және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Ахметова Бақытжамал Сұлтанқызы педагог-сарапшы, Жакупова Ақтоты Бекенқызы педагог-сарапшы. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Жүсіпова Құралай Берікқызы педагог-сарапшы, Абишева Индира Оразғалиқызы педагог-модератор, Өтеулина Перизат Серікқызы педагог-модератор, Қаби Назым Сұңғатқызы педагог. Бірлестік мүшелерімен бірінші жарты жылдыққа дейін 3 отырыс жасалып, хаттамасы тапсырылды.
Қарашаның жиырма жетісі жоспар бойынша өтілуі тиіс шет тілдер пән бірлестігінің онкүндігі өтті. Апталықтың тақырыбы: «Язык-мой друг мой», «Language is my friend». Салтанатты жиын мектебіміздің Акт залында өтілді. Жиынға 5-11 cыныптар оқушылары қатысты. Жиын екі тілде жүргізілді. Жүргізуші оқушылар орыс және ағылшын тілінде жиынды өткізді. Жиын барысында екі елдің елшілері болған оқушылар көрсетілген көрікті жерлермен таныстырып,олардың ерекшеліктерін өз тілінде айтып өтті. Сонымен қатар ағылшынша ән, орыс биі орындалды. 5-cынып оқушылары екі тілде тақпақтар айтты.Жиын соңында шет елдік би тамашаланып, ұстаздардан құралған топтан мұғалімдер «Шетелім» атты әнмен аяқтады. Жиынның барысында өткізілетін іс-шаралармен, ашық сабақтар өту барысы туралы мәлімет берілді. Оған қоса Акт зал безендірілуі оқушылардың өз қолдарымен жасалған екі мемлекеттің туы мен көрікті жерлердің суреттері және тақырып жазылған баннер мен шарлармен безендірілген. Апталықтың бірінші күні үлкен үзілісте 5-11 cынып оқушыларымен дәлізде «Clever club» тақырып аясында сыныптан тыс жұмыс жүргізліп, оқушыларға қызықты тапсырмалар орындалды. Ары қарай жоспар бойынша бастауыш сыныптарда үзілісте сергіту сәттері болды.
Апталық барысында мұғалімдер пән бойынша ашық сабақтар өткізді. Ахметова Б.С. «Друг познается в беде» тақырыбында 5 «ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді.Сабақ жоспары мақсатқа сай құрылған,оқушылар түгелдей дерлік ат салысып отырды.Жакупова А.Б. «Не позволяй душе лениться» тақырыбында 8 «а» сыныбымен өтті. Сабақ мақсатқа сай,жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің теорияны меңгертуі өте жақсы, оқушылар белсенді. Абишева И.О. «Seven Natural wonders world» тақырыбында 4 «а» сыныппен ашық сабақ өтті. Сабақ мақсатқа сай құрылған, оқушылар белсенді. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес. Өтеулина П.С. «Weather» тақырыбымен 3 «а» сыныппен ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсатына сай,жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар онымен қоса ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға деңгейіне қарай тапсырмалар берілді. Оқушылар сабаққа өте жақсы,қызығушылықпен қатынасты. Қаби Н.С. «An Unforgetable experience» тақырыбында 7 «а» сыныбымен ашық сабақ өтті.Сабақ жақсы өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Апталықтың жабылуы 04 желтоқсан күні дәлізде өтті. Жиында оқушылармен қызықты тапсырмалар орындалып жеңімпаз оқушыларға тәтті берілді. Апталық аясында белсене қатысқан оқушылармен, ашық сабақ барысында үздік болған оқушыларды аттарын аттап, белсенді сыныптарға диплом ал оқушыларға медаль тағылып, тәттілер таратылды.
Бірлестік жетекшісі: Өтеулина Перизат Серікқызы