Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы.
Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында өткен Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі 3 қазан күні өтті. Олмипиадаға 3 сыныптан 7 оқушы, 4 сыныптан 6 оқушы қатысты. «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының І кезеңінің тапсырмалары 3 бөлімге бөлінген. І бөлімде 7 тапсырма. Дұрыс жауапқа 4 ұпай, барлығы 28 ұпай. ІІ бөлімде 6 тапсырма. Дұрыс жауапқа 5 ұпай, барлығы 30 ұпай. ІІІ бөлімде 7 тапсырма. Дұрыс жауапқа 6 ұпай. Барлығы 42 ұпай. Жалып жинау керек ұпай саны 100. 3 сынып оқушылары Мұратбек Мұрсәлім 73 ұпай жинап, 2 орынды иеленді, Балташ Айша 69 ұпай жинап 3 орынды иеленді. 4 сынып оқушысы Қонысбайұлы Нұрәли 66 ұпай, Темірланұлы Бекжан 64 ұпай жинап 3 орын иеленді. Оқушылар арнай мақтау қағаздарымен марапатталды. ІІ кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік!