Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

 

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Ы. Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізді.
Педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іс-тәжірибесіндегі озық жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту мақсатында өткен конференция пленарлық отырыс және төрт секциялық жұмыс бағытында ұйымдастырылды.
Аталған облыстық шараға Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжанова Ақгүл Теміржанқызы іс — тәжірбиелерімен бөлісіп, білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды.