Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.
«Абайдың асыл мұрасы» аталымы бойынша 8 сынып оқушысы Біләл Каусарқатысып марапатталса, «Абайдың ақын шәкірттері» аталымы бойынша 11 сынып оқушысы Дүйсенбек Айбат 2 орын иеленді. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» аталымы бойынша 10 сынып оқушысы Серікова Наргыз 3 орынды,«Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» аталымы бойынша 10 сынып оқушысы Калиева Мадина қатысып, 3 орынды иеленді.Жетекшілері Молдашева Данагүл Бауыржанқызы, Айжанова Ақгул Теміржанқызы, Кеделбаева Гаухар Амиржановна, Төленова Гүлзаш Қасқырбекқызы.