Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы.

2024 жылдың 16 қазанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ –де 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы өтті. Барлығы 9 оқушы қатысты (10 сынып – 5 оқушы, 11 сынып – 4 оқушы). «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының І кезеңінің тапсырмалары 3 бөлімге бөлінген. І бөлімде 7 тапсырма. Дұрыс жауапқа 4 ұпай, барлығы 28 ұпай. ІІ бөлімде 6 тапсырма. Дұрыс жауапқа 5 ұпай, барлығы 30 ұпай. ІІІ бөлімде 7 тапсырма. Дұрыс жауапқа 6 ұпай. Барлығы 42 ұпай. Жалып жинау керек ұпай саны 100. 10 сынып оқушылары Калиева Мадина 74 ұпай, Серикова Наргиз 75 ұпай жинап, 2 орынды иеленді, 11 сынып оқушылары Жылқыбай Әли, Қадір Жанболат 73 ұпай жинап 2 орын иеленді. Оқушылар арнай мақтау қағаздарымен марапатталды. ІІ кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік!