Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, сол арқылы мұғалім деңгейін көтеру және қабілеті жоғары педагогтарды анықтау және ынталандыру мақсатында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі 1 қараша күні өтті. «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша Ашуова Назерке Күзенбайқызы І орын иеленіп, арнайы дипламмен марапатталды. Құттықтаймыз!