Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Балалардың қауіпсіздігі – өртке қарсы қызметтің және білім нысандары қызметкерлерінің басты мәселелерінің бірі.

 Амангелді ауданы  ТЖБ МӨББ қызметкерлері жалпы білім беретін мектеп оқушылармен сабақтар өткізілді. Сабақтарда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай дұрыс қолданылуы, жанудың алғашқы сәтінде қызметкерлердің іс-әрекеттері, өртке қарсы қызметті шұғыл түрде шақыру әдістері, балаларды қауіпсіз жерлерге көшіру жайлы мәселелер қарастырылды.  Мектеп қабырғасында жүрген балалардың қауіпсіздігі көбінесе мектеп қызметкерлерінің ғана емесе, сондай-ақ оқушылардың да өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауымен тығыз байланысты.Үгіт-түсіндіру шаралары мектеп ішінде ғана емес, сонымен қатар, мектептен тыс жерлерде де өрттің шығуының алдын алуға, сонымен қатар, ересектер мен балалардың өртке қарсы іс-әрекеттерінің саналы түрде болуын үйретуге (мектепте, үйде, көшеде, және басқа да қоғамдық орындарда) бағытталған.