«Бастау» республикалық математикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.
Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды
бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және
қолдау көрсету мақсатында «Бастау» республикалық
математикалық турнирінің аудандық кезеңі 11 ақпан
күні өтті. Турнирге 2-4 сынып оқушылары арасынан
құрылған 1 топ қатысты. 2 сынып оқушысы Әлібек Бекәлі, 3 сынып оқушысы Мұратбек Мүрсәлім,
4 сынып оқушысы Темірланұлы Бекжан қатысып, командалық есеп қорытындысы бойынша бас жүлдені иеленді.
Жетекшілері Сандибекова Калимаш Сабитбековна, Канафина Алтынай Султанбековна.