Ғылыми әдістемелік жұмыс

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Ы. Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізді. Педагогтердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іс-тәжірибесіндегі озық жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту мақсатында өткен конференция пленарлық отырыс және төрт секциялық жұмыс бағытында ұйымдастырылды. Аталған облыстық шараға Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжанова […]

Ы. Алтынсарин мектебінде 19 қазан күні “Өзін-өзі басқару”ұйымының жұмысын жан -жақты жүргізу мақсатында мектеп президентімен Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлауы болып өтті. Сайлауға мектеп мұғалімдерімен қатар ата-аналарда дауыс берді. Мектеп президенті болып 71 дауыс жинап Тұрғанова Алтынай сайланды.

Мектебімізде «Жаратылыстану – зерттеулер мен инновациялар толқыны» тақырыбында жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың физика, химия,биология,география пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру . Жаратылыстану пәндерін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданып, білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу. 7 қазан мен 14 қазан күндері […]

Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, сол арқылы мұғалім деңгейін көтеру және қабілеті жоғары педагогтарды анықтау және ынталандыру мақсатында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі 1 қараша күні өтті. «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша Ашуова Назерке Күзенбайқызы І орын иеленіп, арнайы дипламмен марапатталды. Құттықтаймыз! […]

«Менің Кіші Отаным» атты ҮІІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінің «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар« аталымы бойынша 10 сынып оқушысы Серикова Наргиз қатысып, 2 орын иеленді. Жетекшісі Қаженова Маржан Әлібекқызы.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы. 2024 жылдың 16 қазанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ –де 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасы өтті. Барлығы 9 […]

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 16қазан күні 5-7сынып оқушылары арасында “Берекелі, Алтын күз” тақырыбында сыныпаралық күзгі бал сайысы болып өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында өткен Республикалық «Алтын сақа» математикалық […]

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 1 қазан қарттар күніне орай мектебімізде талай жыл қызмет етіп, шәкірттеріне білім нәрімен сусындатқан қазыналы қарт ұстаздарымызға “Қарты бар үйдің қазынасы бар” тақырыбында салтанатты жиын ұсындық.

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі Біртұтас тәрбие бағдарламасы Тәуелсіздік және Отаншылдық айы аясында 3 қазан күні Ұстаздар күніне орай мектептегі өзін — өзі басқару жұмысын жандандыру, түлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында 10-11 сынып білім алушылары арасында “Дублёр күні” өткізілді. Мұғалімдердің рөлін атқарған білім алушылар ұстаздардың жұмысының қаншалықты […]