Жаңалықтар

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне 10 сынып оқушылары Жәнібекқызы Балым «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша қатысып, ІІІ орын, жетекшісі Сейткалиева Алия Ондагановна , Серикова Нарғыз «Білгірлер бәйгесі» номинациясына қатысып ІІІорын, «Сөзшеберлері» номинациясынан Калиева Мәдина ІІІ орын иеленді, жетекшісі Молдашева Данагүл Бауыржанқызы.«Жас қаламгер» номинациясынан Сыздыкбаева Еркежан ІІІ орын иеленді, жетекшісі Қарабасова Қарлығаш Мәлікзадақызы.

«Қамқорлық жобасы» аясында, 30 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 Ә сынып оқушылары, А. Нұрманов көшесінің тұрғыны, Амангелді ауданының құрметті қариясы Байдильдин Нияз Байділдаұлының үй ауласында, қар тазалау жұмыстарын жүргізді.

Аудан мектептері арасында “Үздік мектеп парламенті” сайысына қатысып,Ы. Алтынсарин мектебінің мектеп парламенінің оқушылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында «Бастау» республикалық математикалық турнирінің мектепішілік кезеңі 4 ақпан күні өтті. Турнирге 2-4 сынып оқушылары арасынан құрылған 4 топ қатысты. Турнир 3-кезеңнен тұрады: 1 кезең-«Әу,баста!» (біліктілік туры.Соның нәтижесінде үш лига қалыптасады-1,2 және 3) 2кезең «Көкпар» (математикалық сайыс); 3кезең «Бәйге» (ауызша командалық олимпиада) […]

«Біз тарихтан — кемеңгерлікті, поэзиядан — шешендікті үйренеміз» тақырыбындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығының аясында «Бір сұрақ-бір бауырсақ» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты :оқушыларды білімге шақыра отырып, ұлттық құндылығымызды дәріптеу . Ұйымдастырушылар: Төленова Г, Молдашева Д

22 қаңтар күні, мектебімізде, «Біз тарихтан — кемеңгерлікті, әдебиеттен поэзияны үйренеміз» тақырыбында Қоғамдық — гуманитарлық пәндер бірлестігі пәндерінің апталығы ашылды. Апталық 22.01 — 23.01.2025 жыл атаулы даталарға толы жыл болғандықтан, апталықтың ашылуы аясында бір қатар әдеби тұлғалар мен тарихи тұлғаларды бір арнаға тоғыстыра отырып, іс шара сахналық көріністермен поэзиялық оқулармен және концерттік бағдарламалармен жалғасын тауып […]

30 қаңтар күні, Қоғамдық гумманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында, Тарих пәнінен сыныптан жұмыс өткізілді. 11 сынып оқушыларына «Олар жеңіспен оралды», тақырыбында,Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай деректі фильм көрсетілді. Сондай ақ сұрақтар қойылып, өздерінің пікірлерін білдіріп отырды.

Апталықтың жұмыс мақсаты: Адамзат баласы үшін өте маңызды құндылықтардың бірі-білім. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы басты міндет-оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауы, олардың өзіндік жеке қабілеттерін ашуына қолайлы жағдай туғызу. Әр баланың шығармашылық қабілеті мен талантын ашу- мұғалімнің міндеті. “Табиғи материалдардың түрлерімен жасалатын бұйым нобайын орындау” Ашық сабақ 6“ А ” 4 сағат 29.11.2024 Мұхамбетжанов […]

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогы Бөкеш Гүлнұрдың 17.09.2024 және 04.01.2025 уақыт аралығында атқарған жұмысы жайлы текті мәлімет. 2024-2025 оқу жылында қыркүйек айынан бастап 217 оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және толық емес отбасы балалары, сондай-ақ бастауыш сынып […]

Жасанды интеллеу үктіні өз мүмкіндіктерін арттыру және кеңейту құралы ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың танымдық- зияткерлік дағдыларын дамыту мақсатында 2024-2025 оқу жылының ғылыми- әдістемелік жоспарына сәйкес «Оқу үдерісінде білім алушылардың шығармашылығын дамытуда жасанды интеллектінің тиімділігі» тақырыбында сабақтар шеруі қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы және бастауыш сынып бірлестігі пән мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Бастауыш сынып пәні мұғалімдері К.Досымова 1 «Ә» […]