Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Қостанай облысы  әкімдігі білім басқармасының  «Амангелді ауданы білім  бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 420 оқушыға арналған, үш қабатты, типті ғимарат 1985 жылы 13 қыркүйекте орта мектеп болып құрылды. 1987 жылы ұлы педагог Ы.Алтынсариннің есімі берілді. Мектеп 2010-2011 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Мектептің оқыту тілі:  қазақ тілінде жүргізіледі.

Қостанай облысы  әкімдігі білім басқармасының  «Амангелді ауданы білім  бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарын 2021 жылғы 01 ақпандағы KZ09LAA00021185  білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы мен білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Қайта тіркеудің негіздемесі «Амангелді ауданы әкімдігінің білім  беру бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы» Қостанай  облысы  әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы  № 4 қаулысымен бекітілген жарғысы бойынша Қостанай облысы  әкімдігі білім басқармасының  «Амангелді ауданы білім  бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, заңды тұлға құқығын иеленді.

Мектепте білім беру тек қазақ тілінде екі ауысымда жүзеге асырылады. 2024-2025  оқу жылында 1  ауысымда 272  оқушы, 2 ауысымда 112 оқушы оқытылды. Барлығы 384 оқушы. Мектепке дейінгі шағын орталық: 3- 4 «Жұлдыз» тобы-  15 тәрбиеленуші. Мектеп алды даярлық сынып- 21  тәрбиеленуші. Қостанай облысы  әкімдігі білім басқармасының  «Амангелді ауданы білім  бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  мектебі» КММ

Қызметтік телефоны: 8-71440-21-5-57
Электрондық адрес: Murat-b71@mail.ru
Мемлекеттік мекеменің заңды  мекен- жайы: 110200 Қазақстан  Республикасы, Қостанай облысы, Аманкелді  ауданы, Аманкелді  селосы, Абай Құнанбаев көшесі, 45 үй
БСН/ЖСН 961240000375