Зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту және зерттеу қабілетін дамыту арқылы баланың жеке тұлғасының шығармашылық әлеуметін дамыту мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» танымдық-зерттеушілік республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.Мектеп алды даярлық сыныбының Тәрбиеші Сейдина Айсауле Бәкірқызының «Қар көшкіні» тақырыбында тәрбиеленушісімен жасаған зерттеу жұмысы жүлделі ІІ орынды иеленді.