Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

11 наурыз күні Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің базасында «Менің Қазақстаным -менің болашағым» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге аудан мектептерінен 10 команда қатысты.
Турнирдің басты мақсаты сөзге шешен,озық ойлы,сөз қадірін түсінетін және де елінің болашағына бей жай қарамайтын оқушыларды анықтау,облыстық кезеңге іріктеу.
Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді.Алдыңғы 3 кезең іріктеу кезеңі,жартылай финал және финал.
Сайыс қорытындысы бойынша 3 орынды қос пікірсайыс клубы «Жігер» (Құмкешу мектебі), «Көзқарас» (Б.Қолдасбаев мектебі) иеленді.
2 орын «Асыл сөз» (А.Нұрманов мектебі) клубы.
1 орынды «Парасат» (Ы.Алтынсарин мектебі) пікірсайыс клубы иеленді.