Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Жасанды интеллеу үктіні өз мүмкіндіктерін арттыру және кеңейту құралы ретінде пайдалана отырып, білім алушылардың танымдық- зияткерлік дағдыларын дамыту мақсатында 2024-2025 оқу жылының ғылыми- әдістемелік жоспарына сәйкес  «Оқу үдерісінде  білім алушылардың шығармашылығын дамытуда жасанды интеллектінің тиімділігі» тақырыбында сабақтар шеруі қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы және бастауыш сынып бірлестігі пән мұғалімдерімен ұйымдастырылды.

Бастауыш сынып пәні мұғалімдері  К.Досымова 1 «Ә» сыныбында ана тілі пәнінен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар», А.Қалиева 4 «Ә» сыныбымен      қазақ тілі            пәнінен «Зат есім», М. Жылқышина жаратылыстану пәнінен 2 «А» сыныбымен «Күннің достарын білесің бе?», А.Италмасова 1 «А» сыныбымен      ана тілі пәнімен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар», ағылшын тілі пәні мұғалімдері  П.Өтеулина ағылшын тілі пәнінен          6«Ә» сыныбымен  «Types of films» (Фильмдердің түрлері), И.Әбішева  4 «А» сыныбымен «Hot and Cold . Weather» (Ыстық және суық. Ауа райы), қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Нұрмұханбетова  5 «А»  сыныбымен қазақ әдебиеті пәнінен  Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі, Г.Төленова қазақ тілі пәнінен 5 «Ә» сыныбында  «Қожаның қиялы», Г.Кеделбаева қазақ әдебиеті пәнінен 9 «Ә» сыныбында  «Құлагер» поэмасы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Жакупова русский язык пәнінен 5 «А» сыныбында «Искусство звука», тарих пәні мұғалімі Д.Әубәкір 6 «Ә» сыныбымен тарих пәнінен  «Шыңғысхан және Монғол мемлекетінің құрылуы» тақырыптарында сабақтарын өткізді.

Пән мұғалімдері сабақтарындағы оқу мақсаттары ұйымдастырылған қызметтің мазмұнына  сәйкес келді.  Ұстаздардың  сабақта әдіс- тәсілді тимді қолдануы мен сабақ барысында берілетін тапсырмалар арқылы білім алушылардың шығармашылығын дамытуға  бағыттады. Жасанды интеллект оқушылардың білім деңгейін автоматты түрде бағалап, олардың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға тиімді болды. Бұл оқушылардың жауаптарын тексеру, нәтижелерін бағалау, қажетті кері байланыс беру процесін жылдам әрі дәл жасауға, уақытты тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді. Мысалы, онлайн тесттер мен квиздерді қолданғанда, ЖИ автоматты түрде жауаптарды тексерді және бағалады.

Оқу мақсатына жету үшін  құрылған тапсырмалар ойлау деңгейіне қарай бағыттала отырып, жаса ерекшелігіне сәйкес 3D   видеолар мен d-id.com, Online-stopwatch, wordwall.net, pinkamuz.pro/search, chatgpt.com, Gamma.app, lumio.comquizgecko.com,WordWool,GeoGebra, Onlinetestpad.com, « Educaplay» Bing image, flyppity megbing.com, learningapps.org  платформаларына негізделіп жасалынған. Presentation.AI, Emaze жасанды интеллект негізіндегі презентация дизайнері арқылы сабақтарын жасап, көрсетті.