Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

04.02 күні Ы.Алтынсарин мектебінде «Парасат» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен «Қазіргі жастар қаншалықты патриот» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты : жастардың бойында патриоттық белгілер қаншалықты көрініс табатынын бақылау.Дебат үйірмесінің патриоттық тәрбие берудегі рөлі қандай екенін айтып жеткізу.
Дөңгелек үстелге арнайы шақыртумен құрметті қонақтар қатысты.»Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Нұрлыбек Мағауияұлы Игіліков және «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Айбек Жомартұлы Сабыршинов Кездесу барысында оқушыларға пайдалы кеңестер мен саналы ойлар,ұтымды әңгімелер айтылды.Оқушыларда қонақтарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып қажетті деңгейде жауап алды.Алдағы уақытта бұл іс-шара жалғасын табады.