Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Педагогтердің біліктілік арттыру курсынан алған білімдерін өз іс-тәжірибеде қолдануын және әріптестерімен өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогтердің іс-әрекетті зерттеу (action research) дағдысын жетілдіру» тақырыбында әдістемелік күн өтті. Спикерлер: А.М.Калиева, Н.К Ашуова, Ж.Б Торегалиева.
Әдістемелік күн барысында мұғалімдерге іс-әрекетті зерттеу әдістері таныстырылып, тәжірибеде қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Мұғалімдермен жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында мотивациялық сөздер жазылған карточкалар таратылып, карточка артындағы мазмұнды суреттер бойынша топтарға бөлініп, «Күтпеген сұрақ-жаңа ой!» тренингі жүргізілді. Зерттеу тақырыптарын талқылап, өз тәжірибелерінде кездесетін мәселелерді шешу жолдарын қарастыруда топтық жұмыс ұсынылды. Тақырып аясындағы алған теориялық ақпараттарды практикамен ұштастыру барысында «Зерттеу сұрағын тұжырамдау», «Проблеманы анықтау», » «Төңкерілген үштік» әдісі арқылы іс — әрекетті зерттеу жоспарын құру» және «Білімалушыларды қалай шабыттандырамыз?!» сынды топтық жұмыстар жүргізілді. Тақырыпты түйіндеуде әр топқа «Өзін-өзі жетілдіру: Проблемадан тұлғалық қалыптасуға» шығармашылық тапсырмасы беріліп, күтілетін нәтижелері мен білім алушының тұлғасын жан-жақты қарастырды.
Практикалық жұмыстар мен пікірталастар арқылы педагогтер зерттеудің маңыздылығын түсініп, өз сабақтарында қолдану мүмкіндіктерін айқындады. Әдістемелік күн соңында қатысушылар «Padlet» платформасы арқылы кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісіп, әдістемелік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл әдістемелік күн педагогтердің кәсіби дамуына оң ықпал етіп, зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге жаңа серпін берді.