Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

Ыбырай өлеңдерін жатқа білу, мәнерлеп айту және оқушылардың поэзияға, прозаға деген құштарлығын арттыру, сөз құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге сонымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында «Ыбырай оқулары»  облыстық байқауының аудандық кезеңі мектебімізде өтті. Мектебімізден байқауға 8 оқушы қатысты. «Ыбырай оқулары»  облыстық байқауының аудандық кезеңінен 2 сынып оқушылары Әлішер Аймира 3 орынды, Нұрмағамбет Алдияр марапатталды, 3 сынып оқушылары Бейсенбек Айзере 1 орын, Бейсен Бекарыс 3 орын, 4 сынып оқушылары Жылқыбай Әдемі 2 орын, Ерболат Айзере 3 орын, 5- сынып оқушысы Айтпай Тенегүл 1 орын, 8-сынып оқушысы Сәлімгерейқызы Аяжан 3 орын иеленді. Жетекшілері: Жылқышина Мерей Жылқышықызы, Жолбарысова Айдана Боранбайқызы, Сандибекова Калимаш Сабитбековна, Калиева Айгерим Мейрамханкызы, Канафина Алтынай Султанбековна, Ашуова Назерке Күзенбайқызы, Айжанова Ақгүл Теміржанқызы. Төленова Гүлзаш Қасқырбековна.