Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі ресми сайтына қош келдіңіз!

«Жас ақындар» үйірмесінің жүргізілуі туралы мәлімет

2023-2024 оқу жылы

Білім ошағындағы алдымызда отырған әр оқушы – өз алдына жеке бір тұлға. Әр бала     белгілі бір іске қабілеттілігін байқатады. Сол қабілеттілік пен бейімділікті жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет бірте – бірте жойыла бастауы мүмкін. Сондықтан көптің ішінен жеке              тұлғаны         анықтау, оның ақыл – ой қабілетін жетілдіру, болашағына бағыт-бағдар беру, жол сілтеу, шығармашылық дарындылығын дамыту, «арпа ішіндегі бір бидайды табу» – ұстаздардың міндеті. Осы міндетті өз алдыма мақсат етіп қоя отырып, оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Жас ақындар» үйірмесімен жұмыс жасаудамын. Өйткені шығармашылық — өмірдің мәні, тіршіліктің көзі. Адам баласы жетістікке тек қана осы шығармашылықтың арқасында ғана қол жеткізеді. Үйірмеге өлең жазуға қабілеті бар, немесе өлең жазуға                 талпынатын,     шығармашылық     тапсырмаларды     орындауға қызығушылық танытатын, көркем әдебиетті сүйіп оқитын оқушылар тартылды.

Міндеттері:

  • оқушының шығармашылық ізденісін ұштау;
  • шешен де көркем, мәнерлі де мәнді сөйлеуге дағдыландыру;
  • көркем туындыны өз беттерімен талдап, пікірлесіп, сын айта білуге тәрбиелеу;
  • көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарын сапалы жазуға үйрету;
  • поэзияны сүюге тәрбиелеу арқылы, ақындық қабілеттерін шыңдау;
  • Кітапханамен үнемі тығыз байланыс орнатып, рухани құндылықтармен сусындатып отыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз, қабілетті, талабы таудай дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады;
  • Өз ойын көркем тілмен жеткізе біледі, сауаты, жазба тілі дамиды, жазу мәдениетін меңгереді;
  • ізденіске бет бұрып, шеберлігі шыңдалады;
  • пәнге қызығушылығы артып, өзіндік болмысы мен тұлғасын қалыптастырады; · өз пікірін қорғап, өткір, ашық сын айта алады;
  • жеке тұлғалармен пікір алмасып, сұхбаттасып, еркін қарым – қатынас жасай біледі; · Әдебиеттің сырлы әлеміне терең бойлай алатын тұлға тәрбиеленеді;
  • поэзияны, әдебиетті сүйіп, ақын – жазушыларға бастарын иіп, табына біледі
  • аудандық, облыстық газеттерге, баспасөз беттеріне мақала немесе өз шығармашылығынан түрлі өлең, әңгіме, ертегі,т.б. дүниелерді жариялауға белсенділік танытады

Үйірме — аптасына 4 сағаттан, жалпы — 136 сағат жыл ішінде орындалады. Негізінен үйірмеге 6-11 сынып оқушылары тартылды. Өтетін күні: Сейсенбі, сәрсенбі.

Республика күніне орай 11 «А» сынып оқушысы Әбдіғалым Қарақат өзінің шығарған «Менің Республикам» өлеңін әлеуметтік желіге жариялады.

Қаңтар айында аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларының     «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…»  аталымы бойынша 11 сынып оқушысы Әбдіғалым Қарақат өзінің өлеңдер жинағын ұсынып, Ⅱ орынға ие болды.

 26 қаңтар күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық  Абай оқуларын өткізілді.

Үйірмеге қатысып жүрген оқушылар Абай оқуы байқауына қатынасып, марапатталды.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша   Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсына 10 сынып оқушысы Жақсылықова Жанерке қатынасып,жүлделі Ⅱ орын иеленді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Әлем балалар көзімен» байқауына 11 сынып оқушысы Әбдіғалім Қарақат Әділханқызының   жұмысы аудандық білім бөліміне жіберілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық кезеңнің аудандық пән олимпиадасына 11 сынып оқушысы Сабырова Айшабибі қатысып, нәтижесінде Ⅲ орынға ие болды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне қатысушы Алматқызы Асыл, Қайнекова Дария сертификатқа ие болды.

Аудандық пән олимпиадасына Ұзақпай Айзада қатынасты.

Аудандық «Әбіш оқулары» байқауының  илллюстрациялық сурет салу жанры бойынша Жақсылықова Жанерке 2  орын,  Проза,  поэзия жанры бойынша Нұрлыбекова Аруай 2 орынға ие болып, марапатталды.

Ә.Кекілбаевтың туғанына 85 толуына орай жазушының шығармашылығына арналған «Ұлы мұра» атты марафон аясында облыстық қашықтық олимпиадасында Сабырова Айшабибі Ⅰ орынға ие болды.

 

«Жас ақындар» үйірмесінің     жетекшісі:  Нурмуханбетова А.К

Жас ақындар 2023-2024

Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының аудандық кезеңінде 8 сынып оқушысы Біләл Кәусар «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»- жас ақындар номинациясына қатысып, ІІ орын, 9 сынып оқушысы Ермуханбетова Ақнұр «Ілияс -қарасөз шебері» -көркемсөз оқу номинациясына қатысып, ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Сыздықбаева Еркежан «Сұлу сөздің сүлейі» — шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы бойынша қатысып, ІІ орын, 11 сынып оқушысы Жақсылықова Жанерке «Заманның заңғар тұлғасы»- буктрейлерлер номинациясына қатысып, ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: Төленова Гүлзаш Қасқырбекқызы